Сот ғимаратында өткізу режимін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша семинарлар өтті
Мұғалжар аудандық сотында «Сот ғимаратына кіру тәртібін қамтамасыз ету» тақырыбында семинар сабағы өткізілді. Іс-шараға аудандық соттың төрағасы А.Т.Анарбаев, аға сот приставы Б.А.Баимбетов, взвод командирі С.Имангазин және мамандандырылған күзет қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында техникалық бақылауды келушілерге, адвокаттарға және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты сырттай тексеруді, сондай-ақ сот ғимараттарына кірер кезде олардық заттарын шолып қарауды жүзеге асыру мәселелері, сот ғимараттарына фото және бейне түсіру техникалық құралдарын алып өту рәсімдері талқыланды.
Шаралар өткізу режимін сақтау және күшейту мақсатында өткізілді.
Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық соты
[xfvalue_img]
15 пікір