Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы

Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы

Кез келген елдің өркендеу жолында – тәртіптің маңыздылығы басты орында екені даусыз. Сондықтан тәртіптің нақтылығы мемлекет бекіткен заңға тіреледі. Заңның күштілігі – оның орындалуында.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 9 тарауында кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы туралы толық жазылған. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде он алты жасқа толған, бiрақ он сегiзге толмаған адамдар осы тараудың күшi қолданылатын кәмелетке толмағандар деп танылады. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмаған адамға тәрбиелiк ықпал етудiң шаралары қолданыла отырып, әкiмшiлiк жаза қолданылуы мүмкiн. Кодекске сәйкес кәмелетке толмаған адамға салынатын әкiмшiлiк айыппұлдың мөлшерiн осы бөлімнің ерекше бөлігінің бабында көзделген айыппұл мөлшерiне қарамастан, он айлық есептiк көрсеткiштен асыруға болмайды. Кәмелетке толмаған адамның айыппұл төлеуге жеткiлiктi мүлкi болмаған жағдайда, айыппұл ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға салынады. Арнайы құқықтан айыру кәмелетке толмағандарға бiр жылдан аспайтын мерзiмге қолданылуы мүмкiн.  Әкiмшiлiк жазалардың басқа да түрлерi (әкімшілік қамаққа алуды қоспағанда), сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 41 және 52-баптарында көрсетілген әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары кәмелетке толмағандарға жалпы негiздерде қолданылады. Аталған кодекстің 67-бабына сай 56 және 57-баптарында көзделген мән-жайлардан басқа кезде, кәмелетке толмаған адамға әкiмшiлiк жаза қолдану кезінде оның өмiр сүру және тәрбиелену жағдайлары, психикалық даму деңгейi, жеке басының өзге де ерекшелiктерi, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың әсер етуi ескерiледi. Кәмелетке толмаған жас басқа да жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар жиынтығында жеңiлдететiн мән-жай ретiнде ескерiледi. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты алғаш рет жасаған кәмелетке толмаған адамды сот, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген орган (лауазымды адам) оған заңнамада көзделген тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдана отырып, әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе тағайындалған әкiмшiлiк жазаны орындаудан босатуы мүмкiн.

Кәмелетке толмаған адамға мынадай тәрбиелiк ықпал ету шаралары тағайындалуы мүмкiн: заңды түсiндiру; келтiрiлген зиянның есесін толтыру мiндетiн жүктеу; кәмелетке толмаған адамдарды бос уақытын шектеу және мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу. Кәмелетке толмаған адамға бiр мезгiлде бiрнеше тәрбиелiк ықпал ету шаралары тағайындалуы мүмкiн. Көзделген тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдану мерзiмi үш айдан алты айға дейiнгi ұзақтыққа белгiленедi. Кәмелетке толмаған адамның бос уақытын шектеу және мінез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу белгiлi бiр орындарға баруға, бос уақытты өткiзудiң белгiлi бiр нысандарын, оның iшiнде көлiк құралын басқарумен байланысты нысандарды пайдалануға, тәулiктiң белгiлi бiр уақытынан кейiн үйден тыс жерде болуын шектеу, соттың не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды адам) рұқсатынсыз басқа жерлерге шығуға тыйым салуды көздеуi мүмкiн. Кәмелетке толмаған адамға қатысты құқық бұзушының мінез-құлқына осы Кодекстiң 54-бабында көзделген ерекше талаптар белгiленуi, сондай-ақ оқуды аяқтау не кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның көмегiмен жұмысқа орналасу талабы қойылуы мүмкiн.

Кәмелетке толмаған адам тәрбиелiк ықпал ету шараларын үнемі орындамаған жағдайда, ішкі істер органдары, егер Әкімшілік кодекстің 890-бабының бірінші бөлігінде белгiленген ескіру мерзiмі өтіп кетпеген болса, бұл шараның күшiн жою және кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк жауапқа тарту мәселесiн шешу үшiн материалдарды сотқа ұсынады.

Д.Қисамбаев, Жаңақала аудандық сотының аға сот приставы.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.