Жамбылдық полицейлер кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың деңгейіні төмендегенін хабарлады
2021 жылдың 3 айында Жамбыл облысы ІІБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөліністерімен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстар профилактикасының тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешені жүзеге асырылды.
Осылайша, түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін ішкі істер органдарына 2844 кәмелетке толмаған бала жеткізілді. 125 жасөспірім және 121 қолайсыз отбасы есепке алынды, онда 215 кәмелетке толмағандар тұрады. Құқық бұзушылықтарды бірнеше рет жасағаны үшін девиантты мінез-құлықты балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектепке 13 бала орналастырылды, 28 ата-ана немесе оларды алмастыратын адамдар ата-ана құқықтарынан айырылды. Есепте барлығы 252 жасөспірім тұр.
Өткен кезеңде 1171 бірлескен рейдтік іс-шара өткізілді, жасөспірімдердің шоғырлану орындарын тексеруге бағытталған 816 мектептік рейдтік іс - шаралары барысында 2812 адам әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны ІІО үшін жеткізілді, оның ішінде спирттік ішімдіктерді пайдаланғаны үшін - 10, бұзақылық үшін - 2, оқудан жалтарғаны үшін, қаңғыбастық және қайыр сұрау үшін - 168 (оның ішінде барлығы КБО-ға орналастырылды), түнгі уақытта қадағалаусыз қалғаны үшін-1684, жүргізілген рейдтік іс-шаралар кезінде 18 жағдайда спирттік ішімдіктерді пайдалануға жол берілмеді. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына барлығы 177 жасөспірім орналастырылды.
Рейдтер барысында нөлдік төзімділік бойынша келесідегідей бұзушылықтар анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды:
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы бойынша кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін-44,
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 132-бабы бойынша кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген иелері мен әкімшілері-58, бұдан басқа, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабының 1-бөлігі бойынша аталған кәмелетке толмағандардың 90 ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 133 - бабы бойынша кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сатудың 2 дерегі, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабы бойынша алкоголь өнімдерін сату ережелері туралы заңнаманы бұзудың 41 дерегі анықталды.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабы 2-бөлігі бойынша кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін 1594 ата-ана жауапкершілікке тартылды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2021 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған қылмыстардың 24% - ға немесе 25-тен 19-ға дейін төменде көрсеткіші тіркелді.
[xfvalue_img]
22 пікір