Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды дұрыс толтыру мәселесі талқыланды
Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Әкімшілік істерді қарау және кәмелетке толмағанды Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының балалар мен жасөспірімдердің арнаулы мектебіне жіберу» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған іс-шараға Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Т.С.Сұлтанова, А.Б.Бексұлтанова, Жамбыл облыстық ІІД әкімшілік полиция бөлімшесінің инспекторлары қатысты.
Іс-шара барысында судья Т.С.Сұлтанова әкімшілік құқық бұзушылықты саралау кезінде әкімшілік заңнама нормаларын қолданудың және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырудың дұрыстығын, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі талқыланды.
Судьялар полиция инспекторларының назарын әкімшілік іс қозғау кезіндегі іс жүргізу қателіктеріне жол бермеуін және қандай жағдайларда сотпен жекеше қаулы шығаруға негіз болатындығын айтып өтті.
Сонымен қатар, карантин кезінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары қалай жүргізілетіні, яғни заңды өкілдер мен кәмелетке толмағандарға да қандай шаралар қолдану қажеттігі түсіндіріліп, талқыға алынды.
Іс-шара соңында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу үшін ата-аналарға қатысты ұсыныстар беріліп, яғни ұсынымдар әзірленді.
Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]