«Сот кабинеті» және «Digital Agent» электронды ақпараттық жүйесі

«Сот кабинеті» және «Digital Agent» электронды ақпараттық жүйесі

      Сот ісін жүргізу процесінде ақпараттық технологиялар енгізу туралы міндеттерді орындау мақсатында Қазақстан республикалық Жоғарғы Сот «Сот кабинеті» электронды форматын әзірледі.

       Негізінде, қазіргі заман - бұл электронды технологияның дамыған кезеңі. Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану- сот әділдігінің тиімділігі мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

      Электронды формат ең алдымен халыққа сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамсыз ету мақсатында жасалап отыр.

     «Сот кабинет» - бұл электрондық ақпараттық сервис, арқылы сотқа электронды түрде талап арыз, шағым, өтініш беруге, тіпті мемлекеттік баж салығында онлайн режимде төлеуге, сот құжаттары мен жалпы сот ісіне қатысты барлық құжатты қадағалап отыруға болады.

       «Сот кабинет» сервистің ерекшелігі азамат, оның адвокат тұлғасындағы өкілі немесе заңгер кез- келген ыңғайлы уақытта, үйінен немесе кеңседен шықпай- ақ ,интернет желісі арқылы сот құжатын, сондай-ақ істегі мәртебесін көре алады және сот актісін басып шығарып алуға мүмкіншілігі бар.

     «Сот кабинетінің мобильдік нұсқасы» бүгінгі күні тамаша нәтижесін беріп отыр. Қосымша жеке және заңды тұлғаларға қолжетімді. Пайдаланушыларды мобильдік қосымшада тіркеу сервисінің веб- нұсқасына қарағанда артықшылықтары бар. Пайдаланушыны тіркеу үдерісі үшін «Сот кабинеті» сервистерін қолдануға пайдаланушысы келісіміне алдын ала қол қойып, пайдаланушының ЖСН және ұялы телефон нөмірін көрсетуі жеткілікті. Пайдаланушы көрсеткен ұялы телефон нөміріне СМС– хабарлама арқылы қосымшада автор үшін құпия сөз келеді.

     Сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер агенттігімен «Digital agent» (Цифрлық агент) мобильді қосымшасы іске қосылған. Аталған мобильды қосымшаның ерекшелігі қызмет алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын шынайы уақыт режимінде бағалай алады. Ол үшін «Play Market» және «App Store» сервистік бағдарламалары арқылы мобильді қосымшаны жүктеп, орнатылғаннан кейін тіркеуден өту қажет. Содан соң, бағалайтын қала мен мекемені таңдайды. Бағалау жолданғаннан кейін Агенттіктің тиісті аумақтық бөлімшелерінің жауапты тұлғалары өз құзыреті шегінде әрекет етеді.

   Қорыта келгенде, «сот кабинеті» қызметі бүгінгі күннің талабына жауап беріп қана қоймай, карантиндік режим кезінде өтініш берушілердің және сот қызметкерлерінің денсаулықтарына қауіп төндірмей, жұмыс жасаудың бірден- бір тиімді қызметі болып табылады.

Сонымен қатар, сот кабинетін пайдаланушы «іс құжаттары бойынша құжаттар» бөлімі арқылы пікір, қарсы талап арыз, сот процесінің хаттамасына ескертулер, атқару парағын жолдау туралы өтініш, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыз және осы секілді басқа өтініштерді бере алады.

   Халықтың сотқа деген сенімін одан сайын арттыру мақсатында осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Р.Р.Досмухамбетова    

БҚО мамандандырылған

ауданаралық экономикалық

сотының жетекші маманы                                                                                                                                                                                                   

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.