«Сот кабинеті» және оның артықшылықтары

«Сот кабинеті» және оның артықшылықтары

Қазақстан Республикасы судьяларының VI  съезінде қойылған сот ісін жүргізу процесінде ақпараттық технологиялар енгізу ткралы міндеттерді орындау мақсатында ҚР Жоғарға Соты «Сот кабинеті» электрондық форматын әзірледі. Бұл- сот құрылымында қолға алынған реформалардың заманауи, жаңа технологияның бірі. «Сот кабинеті» сот органдарының электронды түрде кіруге арналған терезесі. Азаматтар мен заңды тұлғалардың кез келген өзіне ыңғайлы уақытта үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, онлайн режимде «Сот кабинеті» интернет- сервисі арқылы электрондытүрде талап арыздарды беруіне, сондай-ақ, шағымдар мен өтінішхаттарды жолдауға, істің қаралу барысын бақалауына мүмкіндігі бар.

         «Сот кабинеті» интернет-сервисіне кіру үшін ҚР Ұлттық куәландырушы орталығынан электрондық сандық қолтаңба қажет. «Сот кабинетінен» тіркелі рәсімінен өткеннен кейін бұл мүмкіндікті пайдаланушы талап арыздарды (өтініштерді), апелляциялық/жеке шағымды, кассациялық шағымды, сот актілерін қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы өтінішхаттар мен сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз бере алады.

         Сонымен қатар, пайдаланушы «Іс құжаттары бойынша құжаттар» бөлімі арқылы пікір, қарсы талап арыз, сот процессінің хаттамасына  ескертулер,  атқару парағын жолдау туралы өтініш, атқару парағының телнұсқасын беру туралы   арыз, сот актілерінің көшірмелерін (телнұсқасын) беру туралы арыз және осы секілді басқа да өтініштер бере алады.

         Қазіргі таңда азаматтардың арасында «Сот кабинеті» арқылы электрондық талап арыз беру кеңінен қолданылуда. Статистикаға сүйенетін болсақ, соңғы 6 айдың ішінде соттарға келіп түскен талап арыздардың 72,6 % «Сот кабинеті» интернет-сервисі арқылы келіп түскен. Бұл «Сот кабинетінің» пайдаланушылар үшін өте қолайлы, әрі ыңғайлы екендігін көрсетеді.

         Сондай-ақ, «Сот кабинеті» сервисінде сотқа арыз беру кезінде мемлекеттік бажды онлайн  түрде төлеу қызметі көзделген. Сотқа құжаттарды электрондық түрде беру және мемлекеттік баждарды электронды түрде төлеу азаматтардың уақытын елеулі түрде үнемдеп, артық шығындардан арылтады. Аталған заманауи шаралар  сот төрелігінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді.

 

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының жетекші маманы Г.Ж.Кабыкенова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 3

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.