Сот кабинеті туралы ұғым
Сот ісін жүргізу процесінде ақпараттық технологиялар енгізу туралы міндеттерді орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті» электронды форматын әзірледі.
Негізінде, «Сот кабинеті» - сот құрылымында қолға алынған заманауи технологиялардың бірі. Электронды формат ең алдымен халыққа сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамассыз ету мақсатында жасалып отыр. Дәл осы «кабинет» арқылы сотқа электронды түрде талап-арыз, шағым, өтініш беруге, тіпті мемлекеттік баж салығында онлайн режимде төлеуге, сот құжаттары мен жалпы сот ісіне қатысты барлық құжатты қадағалап отыруға болады.
Атап айтқанда, сот кабинетінің негізгі мақсаты – азаматтар мен уәкілетті органдарға Сот кабинеті сервисінің жаңа мүмкіндіктерін, қолдану барысын түсіндіру.
Сонымен қатар, сот кабинетін пайдаланушы «Іс құжаттары бойынша құжаттар» бөлімі арқылы пікір, қарсы талап арыз, сот процесінің хаттамасына ескертулер, атқару парағын жолдау туралы өтініш, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыз, сот актілерінің көшірмелерін беру туралы арыз және осы секілді басқа да өтініштерді бере алады. Халықтың сотқа деген сенімін одан сайын арттыру мақсатында осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
[xfvalue_img]