Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы 13-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауды қалыптастыру.
Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышымыз.Әрбір Қазақстан Мемлекетінде тұратын азаматтар мемлекеттік рәміздерді сыйлауы және құрметтеуі қажет. Ел басымыз мемлекетімізді басқа мемлекеттерден қалдырмай рәміздерімізді қабылдауында аса үлкен мәң берді. Бұл біздің ұрпақтан –ұрпаққа жететін баға жетпес құндылықтарымыз болып табылады. Президент Н.Ә. Назарбаев 1992 жылғы 4 маусым күні «ҚР Мемлекеттік туы туралы», «ҚР Мемлекеттік елтаңбасы туралы», «ҚР Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» тарихи заңдарға қол қойған. ҚР Мемлекеттік елтаңбасы туралы 1992 жылы 6 маусым күні тәуелсіз еліміздің тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің тұсау кесер салтанты өтіп, сол күні Президент сарайы мен Паралмент Үйінің төбесіне Ту көтерілді, Елтаңба орнықты. 6 ай өткен соң 1992жылы 11 желтоқасанда Мемлекеттік Гиміннің мәтіні бекітілді. Ол 2006 жылы қайта өзгеріп, желтоқсан айында жаңа гимн қабылданды. Біздің мемлекеттік туымыздың түсі көк. Ол ынтымақ пен бірлік, байлық пен берекені аңғартады, нұрын шашқан күнде қыран құс жайқалып ұшуда. Қыран құс халқымыздың бикке ұмтылғыш қасиетін, күш-қайратын көрсетеді.Қошқар мүйізді ою – қазақтығымыздың нышаны.
Мемлекеттік елтаңбамыз – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ (киіз үйдің жоғары күмбезі тәрізді бөлігі) бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыздардағы пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы көшірме бейнесі, көлеміне қарамастан Қазақстан президентінің Резиденциясында сақталуы тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы эталонының түрлі-түсті немесе ақ-қара бейнесіне дәлме-дәл сәйкес келуге тиіс. Сондықтан да елім, жерім деп жүрегі соққан қазақтың әрбір азаматы – Мемлекеттік рәміздерді таптамауы және қорламауы қажет. Ол біздің ар намысымыз.Ата-бабамыз жауаға шапқанда қолына желбіретіп туын көтеріп шапқан болатын. Әр елдің қандай ұлт екенің, туына қарап білетінімізді ұмытпағанымыз жөн. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жылсайын 4 маусым күні Қазақастан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының есеп бойынша технигі И. Ержанова
[xfvalue_img]
19 пікір