4 МАУСЫМ-МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.
Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті рәміздерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы – осы.
Рәміздер күнін ел біледі ме деген оймен Атырау облысы ҚХА "Жаңғыру жолы" Жастар қозғалысы мүшелері атыраулық жастарын бір сынап көрді. Онлайн сауалнама нәтижесі Атырау қаласы жастарының рәміздер күні 4 маусым екендігін білетіндігін көрсетті.
ҚУАНТАРЛЫҚ ЖӘЙТ..
Мемлекеттік рәміздер- елдің өзіндік өмір салтын, болмыс-бітім ерекшелігін, өзгелермен байланыс орнату мұратын білдіретін айрықша белгі болып табылады.
[xfvalue_img]
6 пікір