1- желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні
2011 жылы 14 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы мерекелері» туралы Заңына 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні болып бекіту туралы толықтырулар еңгізілді. Бұл күн бекерден таңдалып алынған жоқ, себебі 1991 жылы 1 желтоқсанда бірінші рет Қазақстан Республикасының Президенттік сайлауы өтіп, сол күні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұнғыш президент болып сайланды.
Демократиялық мемлекет болып, тәуелсіздігіміз орнап, үлкен жұмыстар атқарылып, экономикамыз қарқынды дамып, өміріміздің барлық тұрғысынан көлемді реформалар жүргізілді. Н.Ә.Назарбаев ауыр тарихи кезеңді басынан өткерген еліміздің таңдаулы лидері. Мемлекеттік саясатты және экономикалық-әлеуметтік істердің қазіргі замандағы үлгісін жасаған осы тұңғыш президентіміз.
Тұңғыш Президент күні – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халықтың алдындағы еңбегін бағалауы, сонымен қатар дамыған елдерге өз саясатын мойындатуы. Н.Ә.Назарбаев барлық өркендеген әлемге өз жетістіктерімен танылған. Ол басшылық еткен Тәуелсіздік жылдарында әлеуметтік, саяси, ауқымды экономикалық реформаларды жүзеге асырды. Қазақ халқына қатысты тарихи әділеттік қалыпқа келтірілді. Біздің күнтізбемізде Президент күнінің пайда болуы - Н.Ә. Назарбаевтың республикаға және халыққа берілген мінсіз еңбегі және терең құрметі.
Қазақстан Республикасы халқы еліміздің саясатының өсу тұрғысынан әлемдік лидері болатынына сенімді. Бүгінгі күні Н.Ә. Назарбаев еліміздің, ұлтымыздың үлгісіне айналды. Осы күні Тұңғыш Президент күні толдық көлемде аталып жүр.
Қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық
әскери сотының кеңсе меңгерушісі
міндетін атқарушы Н.Қайратқызы
[xfvalue_img]
17 пікір