Конституциялық кеңестің құзыреті

Конституциялық кеңестің құзыреті

Конституциялық Кеңес Қазақстанның саяси жүйесінде айрықша орынға ие. ҚР Президентінің 1995 ж. 29 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығына сәйкес құрылған болатын. КР Конституциялық Кеңесі төрағасының 2001 ж. 1 ақпандағы бұйрығымен ҚР Конституциялық Кеңесі аппараты туралы оның мәртебесі, міндеттері мен функциялары белгіленген ереже және құрылымы бекітілді. ҚР Конституциялық Кеңесі аппараты ҚР Конституциялық Кеңес қызметін және оның өкілеттіктерінің іске асуын қамтамасыз ету үшін құрылған болатын. Ол аппарат үйымдық, ғылыми-қүқықтық, ақпараттық-анықтамалық және басқа ҚР Конституциялық Кеңес қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қосалқы жүмыстарды орындайды. Конституциялық Кеңестің ұйымдастырылуы мен қызметі конституциялық заңмен реттеледі.
         Конститутциялық Кеңестің құрмы жеті мүшеден, соның ішінді Конститутциялық Кеңестің Төрағасынан тұрады. Сонымен қатар Конститутциялық Кеңестің мүшелерінің өкілеттілігі алты жылға созылған, шығыққан немесе қызметтен босатылған жағдайда Конститутциялық заңда белгіленген тәртіппен қайта тағайындалады.
         Қазіргі танда Конститутциялық Кеңес конститутциялық заңдылықтың тікелей орындалуына ықпал жасайтын орган ретінде танылып отыр. Конституциялық Кеңес дау туған жағдайда Конституцияның 72-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес:
         - Республика Президент сайлауында;
         - Парламент депутаттары сайлауында және де республикалық референдумның өткізілу барысындағы мәселелерді шешеді. Сонымен қатар Конституциялық Кеңес Конституцияның 72-бабы 1-тармағының 2), 2-1), 3) тармақшаларына сәйкес:
         - Парламент қабылдаған заңдарға Президент қол қойғанға дейін;
         - Парламент және оның Палаталары қабылдаған қаулыларды және Республиканың халықаралық шарттарынын Конститутцияға сәйкестігін қарап, тексереді. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп танылған заңдар мен халықаралық шарттарға қол қойылмайды не, тиісінше, бекітілмейді және күшіне енгізілмейді.
         Конституциялық емес деп танылған, оның ішінде адамның және азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің күші жойылады және қолданылуға жатпайды.Конституциялық Кеңестің шешімдері қабылданған күннен бастап күшіне енеді, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.

Ақмола гарнизоны Әскери сотының бас маман сот отырысының хатшысы А. Ахмедиева

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.