Қ. Мәмидің төрағалық етуімен Еуразиялық қауымдастықтың отырысы өтті

Қ. Мәмидің төрағалық етуімен Еуразиялық қауымдастықтың отырысы өтті

2020 жылғы 26 тамызда Қазақстан Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қ. Мәмидің төрағалық етуімен конституциялық бақылау органдарының Еуразиялық қауымдастығының отырысы өтті. Оған Армения, Беларусь, Әзірбайжан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан конституциялық әділет органдарының өкілдері қатысты. Қонақ ретінде Конституциялық Сот төрелігі жөніндегі дүниежүзілік конференцияның Бас хатшысы Шнутс Дюрр мырза қатысты. 

Іс-шараны аша отырып, Еуразиялық қауымдастық төрағасы Қ. Мәми осы отырыс алғаш рет онлайн режимде өтіп отырғанын атап өтті. Оған әлі де халықаралық сипаттағы үлкен қауіп төндіріп отырған COVID-19 коронавирустық пандемиясы себеп болып отыр. Қауымдастық шеңберінде біздің конституциялық-құқықтық саясаттың өзекті мәселелері, соның ішінде қазіргі жаһандық сын-қатерге байланысты мәселелер бойынша тәжірибе және тәсілдер алмасуға мүмкіндігіміз бар. Бұл әсіресе 30 тамызда атап өтілетін Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдық мерейтойы жылында аса маңызды, деді спикер.        

Ұйым мүшелері құқықтық саладағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, жарғылық құжаттарды одан әрі жетілдіру мәселелерін, сондай-ақ Қауымдастықтың Конституциялық Сот төрелігі жөніндегі дүниежүзілік конференцияның алдағы 5-ші конгресіне қатысу мәселелерін талқылады. Тараптар Дүниежүзілік конгресс аясында Қауымдастық отырысын өткізу туралы шешім қабылдады.

Азиялық Конституциялық соттар мен баламалы институттар қауымдастығы және басқа да қауымдастықтармен ынтымақтастық мәселелері әңгімеге түйткіл болды. Өзара іс-қимылды күшейту үшін Азиялық қауымдастықпен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою ұсынылды.  

 Сонымен қатар, делегация басшылары бір-бірін өз елдерінде болып жатқан іс-шаралар мен одан әрі ынтымақтастық жоспарлары туралы хабардар етті.   

Қ. Мәми отырысқа қатысушыларға белсенді ұстанымы, ортақ міндеттерді шешуге дайындығы үшін алғысын білдіріп, 27 тамызға белгіленген Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған халықаралық бейне конференцияға (конгреске) шақырды.     

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.