Таиланд Конституциялық Соты: құқық үстемдігі маңызды
Таиланд Корольдігінің Конституциялық Сотының Төрағасы Воравит Кангсаситиам мырза Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы мерейтойына орай құттықтауларын жолдады. Ол 2020 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығын атап өту күніне орай және Азиялық конституциялық соттары және балама институттар Қауымдастығының IV Конгресінде сөйлеуге ерекше қуанышты екенін атап өтті. Таиланд Корольдігі құқық үстемдігі қағидатына негізделеді. Таиланд Корольдігінің Конституциялық Сотының атынан Қазақстанның құрметті азаматтарын осы айтулы күн - Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығымен құттықтаймын, деді спикер.
[xfvalue_img]