Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Т.С.Сұлтанова «Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық және әкімшілік істерді қарау тәжірибесі» атты тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелге қатысты
Кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғауға арналған форумның жалғасы Жамбыл облысы прокуратурасының құқықтық маниторинг орталығында кәмелетке толмаған балаларға қатысты қылмыстық және әкімшілік істерді қарау тәжірибесі бойынша дөңгелек үстел өткізілді, оған прокуратура, білім басқармасы, жалпы білім беретін мектептер, колледждер,полиция инспекторлары, тергеу органдарының өкілдері,маслихат депутаттары және өзге де мемлекеттік мекеме өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар балалардың қадағалаусыз қалуы, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың өсуін төмендету және алдын алудың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.
Судья Т.С.Сұлтанова «Кәмелетке толмаған балаларға қатысты қылмыстық және әкімшілік істерді қарау тәжірибесі» атты тақырыбында баяндама жасады. Соттардың әкімшілік істер бойынша іс жүргізуді тоқтату және полиция инспекторларына , қорғаншылық және қамқоршылық органдарына жеке қаулылар шығару себептерін ерекше атап өтті. Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық іс жүргізудегі психологтың рөлін атап өтті.
Іс-шара соңында судья Т.С.Сұлтанова заңнама нормалары бойынша сұрақтарға жауап берді.Іс-шараға қатысушылар өзара пікір алмасты.
Қайнар: Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.
[xfvalue_img]
1 пікір