Онлайн режимінде Дөңгелек үстел өтті
БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау , коронавирустық инфекцияның алдын алу және кәмелетке толмағандардың құқықтарын құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы сұрақтар онлайн режимде талқыланып,дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге сот төрайымы С.Т.Кадралиева., Орал қаласының ПБ-ның ЖПҚб ЮПб УПИ өкілдері С.Е.Карасаева, М.Е.Куспанова,А.Ж.Суыкбаева онлайн режимде қатысты.
Дөңгелек үстел барысында әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттаманы дұрыс толтыру,дәлелдемелерді жинау,әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді дұрыс қалыптастыру және істерді сотқа уақытылы жіберу туралы мәселелер талқыланды.
Әкімшілік істерді қарау кезінде сот төрелігін іске асыру іс жүргізу құжаттарының сапасына тікелей байланысты, бұл лауазымды тұлғалардан істерді рәсімдеу мен қабылдау кезіндегі аса үлкен жауаптылықпен қарауын талап етеді.
Сонымен қатар кәмелетке толмаған жасөспірімдердің тәрбиесіндегі мәселе туғызатын күрделі сұрақтарда талқыланды.
БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
[xfvalue_img]