ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыты – сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жұмыстарын жүргізу десек, бұл тұрғыда елімізде жаңа бағыттар қолға алынуда. Мысалы, қоғамның қазіргі жағдайы мен қажеттіліктерін ескере отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) болып қайта құрылды.

       Бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» ұлт жоспарының 13-қадамы тұтастай сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге арналды. Бұған қоса «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» заңдары мен «Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» жұмыс істеуде.

        Алайда, тек біздің елімізді емес, бүкіл әлемді алаңдатып отырған сыбайлас жемқорлық әрекеттері мемлекеттік қызметтің барлық саласында көрініс беруде. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау сот саласының да негізгі бағыты. Қазіргі күні ел соттарында ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімдері жұмыс істейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыруда салада ашықтық пен жариялылық қамтамасыз етілуде.

       Сот төрелігіне қолжетімділік жүз пайызға артты. Азаматтар қызметтер мен кеңестерді кедергісіз алуда. «Сот төрелігінің жеті түйіні» аясында судьялар мен судьялыққа үміткерлерге қойылар талаптар күшейтілді. Мысалы, «Мінсіз судья» жобасы болашақ судьяларды неғұрлым сапалы іріктеуге және олардың сот төрелігін жүзеге асыру процесіне үлкен жауапкершілікпен келуіне бағытталған. Бабаларымыз кезінде «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп билік айтуда әділ болмау, сөйтіп, атақ-абыройдан айырылу – би үшін ең үлкен жаза екенін ескерткен. Сот этикасына қайшы әрекетке баратындарға жүйеде жол жабылуда. Себебі, Жоғарғы Сот төрағасы сот жүйесінде туындауы мүмкін сыбайлас жемқорлық көріністерін, оның алғышарттары мен себептерін анықтау мен азайтуды сыбайлас жемқорлықпен күрестегі негізгі міндеттер ретінде алға қойды.

        ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015–2025 жылдарға арналған стратегиясында айқындалғандай, мемлекеттік қызметтерді алу рәсімі ашық және неғұрылым оңай болған сайын, соғұрлым сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендейді. Ел Президентінің жарқын болашақ үшін барлық саланы цифрландыру туралы бастамасы жемқорлықты ауыздықтауда бірден-бір механизм болмақ. Мәселен, сот саласын алсақ, сотта сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар аз емес. Сот қызметіне жаңа технология  игіліктерінің енгізілуі судьялар мен сот қызметкерлерінің азаматтармен тікелей жүздесуіне жол бермейді. Бұл электрондық қызметтің бірден-бір артықшылығы. Бұған қоса, істерді компьютер көмегімен автоматты түрде бөлу, сот құжаттарын, арыз- шағымдарды «Сот кабинеті» сервисі арқылы қабылдау, сұраныстарды онлайн орындау,сот мәжіліс залдарының толықтай дыбыс-бейне жазу құрылғыларымен қамтылып, істердің таспаға жасылуы сотқа да, азаматтарға да тиісді. Жұмыстағы ашықтық-жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі тетігі.

       Сот өндірісіне жаңа технологиялар енгізілуі сот процесін жеделдетіп, тез арада шешілуіне ықпал етуде. Сот барысы туралы азаматтарды хабарландыру оңайлатылып, қағазбастылық азайды. Бәрінен бұрын, процессуалдық байланыстар азайтылды. Цифрландыру шаралары белсенді жүргізілуде. Оған пандемия кезінде сот процестерінің жүз пайыз онлайн режимде өтуі дәлел. Қиын-қыстау кезеңде де ел азаматтары өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғай алды. Яғни, электронды ақпараттық сервистер көмегінің нәтижесінде адами факторлар азайып, стратегияда көзделген мақсаттар орындалуда. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлаған немесе оған қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу үшін оларға біржолғы ақшалай сыйақы беріледі. Бұл заңмен қарастырылған шара. Жемқорлықпен күрестің бұл да бір жаңа бағыты. Өйткені, аталған жегіқұрттың жолы жұртшылық болып жұмыла кіріскенде ғана кесіледі. Қоғамның қалыпты өмір сүруі, дамуы үшін оның мүшелерін, әсіресе, лауазым иелерінің жауапкершіліктерін күшейту сол қоғамның өзі үшін қажет. Олай болса, сыбайлас жемқорлықты жою біздің басты міндетіміз болмақ.

А.К.Туралиева   

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық соты кеңсесінің жетекші маманы                                                                  

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.