«ANTIKOR.LIVE»: 2015-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТРАТЕГИЯНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ
ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин "ANTIKOR.LIVE" жобасы аясында өткен тікелей эфирде 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылу барысы туралы айтып берді.
Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне "мүлдем төзбеушілік" ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мақсатында 2014 жылы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы қабылданды. Стратегияның негізгі бағыттары: мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қоғамдық бақылау институтын енгізу, квазимемлекеттік және жекеше сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, соттар мен құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес жылдан жылға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жауапкершілігі күшейтілуде, бұл жұмысқа жұртшылық барған сайын белсенді қосылуда. Нәтижесінде, біз азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы белсенділігінің артқанын көріп отырмыз. Сыбайлас жемқорлық – жай ғана құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген халықтың сенімділігін бұзады және елдің ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді» - деп атап өтті Жігер Байділдин.
Тікелей эфирді қорытындылай келе, ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары әлеуметтік желі қолданушыларының сауалдарына жауап берді.
[xfvalue_img]