Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың принциптері, мақсаттары мен міндеттері.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай міндеттерді шешу арқылы іске асырылады:
1) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру;
2) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою арқылы жүзеге асырылады;
3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;
4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
5) анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар.
Алматы ауданы бойынша МКБ талдау және есептілікті есепке алу бөлімі
Дюсембаева А. Т.
[xfvalue_img]
7 пікір