Тіл-ұлт болашағы

Тіл-ұлт болашағы

Қазақстанның әрбір азаматы Мемлекеттік тілді білу  арқылы еліміздегі ұлтаралық бірлікті,татулықты нығайта түсетіні баршаға мәлім.Кез келген ұлттың не ұлыстың өзін өзгелерден ерекшелеп тұратын басты белгісі- тілі.

Мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту-Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы,бүгінгі таңда мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі. Тіл мәселесі маңыздың мәселелердің біріне айналды. Бүгінгі күні бізден, яғни мемлекеттік қызметшілерден ҚР Тілдер туралы  Заңының орындалуын талап етеді.Мемлекеттік тілдің заңды мәртебесін көтеруге, мемлекеттік тілдің маңызын бұрынғыданда арттыра түсуге, іс жүргізуде қолданылуын қамтамасыз етуге Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ұжымы өз үлесін қосуда. Сотқа шағым, арыздар істер қай тілде келіп түссе,сол тілде қаралады.Сот төрағасының үкімдері,жұмыс жоспарлары,сот ұжымының жедел кеңес хаттамалары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Сот өндірісіндегі тіл мәселесі бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Сот қызметіндегі тіл саясатының жүргізілуі мен нәтижелі жетістіктерге жетуі сот қызметіне жүгінген тараптардың ортақ іс-қимылына көп байланысты. Негізінде, арыз қай тілде жазылса, құжаттарда сол тілде тіркелуі тиіс екендігін сотқа арызданушылардың көпшілігі де біле бермейді. Мысалға, көптеген азаматтар, сонымен бірге мемлекеттік органдар да талап арызды мемлекеттік тілде жазса, құжаттарын ресми тілде әкеледі немесе керісінше. Сонымен қатар талап қоюшылар талап арызды ресми тілде келтіргенмен істі сот талқылауына дайындаған кезде ол тілді білмейтіндігін, ал арызды сотқа заңгерлердің ресми тілде дайындағаны анықталып жатады. Мұндай жағдайларда, сот ҚР АПК-нің 14-бабының талаптарын басшылыққа алып, сот ісін жүргізу тілін сот ұйғарымымен өзгертеді. Тіпті кейбір заңгерлер арасында қазақ тілінде арыз жазғанша ресми тілде жазған ыңғайлы, әрі тез деген пікір орын алған. Осы орайда мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызына тоқталсақ, қай ұлтта, қай елде болсын, туған тіл-қастерлі, құдіретті.

Ата-бабаларымыздан мирас болып ұлтымыздың үні мен жүрегіндей  қазақ тілі біздің халықтың да мақтанышы әрі болашағы.Тағы бір айтар кетерлік жайт «Сот төрелігі» базасында істердің санаттарын таңдау кезінде қазақ тіліндегі нұсқасы толық жоқ,қазақ тіліндегі аудармаларында бірқатар қателіктер орын алуда. Мемлекеттік тілде қаралатын істер бойынша жолдама хаттарды жазу кезінде мемлекеттік органдар мен көптеген ұйымдардың атаулары қазақша жазылмағандықтан, төл тіліміздегі хаттардың мекенжайлары ресми тілде жазылып жатады.Туған тіл-тек өміріңнің айнасы,тірлігіңнің қолданысы емес,сондай-ақ, ұлтыңның болашағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі. Олай болса қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде мәртебесін көтеру маңызын арттыру қолданысын күшейту-әрбір қазақтың міндеті. Бүгінгі жас ұрпақтың тілін білуі өз тілін құрметтеуі-ол болашағымызға деген кепілдік деп түсінуге болады. Ал, өз тілін білмейтін, сүймейтін, білмейтініне күлмейтін ұрпақтан үміт аз. 

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік                                                          

сотының бас маманы – сот отырысының хатшысы Анар Габдулова

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.