Мемлекеттік тіл мәртебесі.

Мемлекеттік тіл мәртебесі.

Мемлекеттік тіл – аса маңызды да ең өзекті мәселе, тіл – қазақтың жан дүниесі, рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгісі болып табылады. Сондықтан мемлекеттік тілді білу – өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі. Олай болса, тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында әрбір қазақстандық өз азаматтық міндетін атқаруға тиіс.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл қазақ тілін дамыту, оның қолдану аясын кеңейту, дамуы мен жетілуіне жан-жақты қамқор жасау бүгінгі күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселелердің бірі. Осындай мемлекеттік маңызды мәселені жүзеге асыру үшін арнайы қабылданған бағдарлама мен іс – шараларды тұрақты жүргізу, күнделікті жұмыс барысында мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру бәрімізге ортақ міндет.

Мемлекеттік органдар арасындағы хат алмасу, жиналыстарды өткізу, жиналыс хаттамаларын жүргізу тілі Қазақ­стан Республикасы Консти­туциясының 7-бабының 1-тармағы мен тіл туралы заңның 4-бабына сәйкес, мемлекеттік тілде жүргізілуі керек. Сондықтан, қазақ тілінің сот жүйесінде алатын орны ерекше. Өткен тарих пен дереккөздерге көз жүгіртсек, сотта орыс тілі кеңінен қолданыста болғандығын анық көреміз. Тәуелсіздік алып, егеменді ел болып, етек-жеңімізді жинағалы бері соттарда қазақ тілінің қолдану аясы бірқалыпты жолға қойылды деуге негіз бар. Бүгін де, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2009 жылғы 27 ақпандағы №36 өкіміне сәйкес, республика соттарындағы іс-қағаздарды мемлекеттік тілге көшіру барысы тұрақты қадағаланып келеді.  Сондықтан, әрбір соттардағы кіріс-шығыс, құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің, қазақ тілінде қаралып жатқан істердің үлес салмағы, судьялар мен сот қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейлері арнайы бағамдар бойынша сараланып отыр. Сотқа түскен істерді қа­ра­­ған кезде Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік Кодексінің 30-бабы мен жаңа Азаматтық процестік Кодексінің 14-бабына сәйкес, сот ісін жүргізу қазақ тілінде жүргізіледі, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал заңда белгіленген жағдайларда басқа тілдер де қолданылады делінген. Яғни, заң бойынша мемлекетімізде сот ісі мемлекеттік тілде жүргізілуі тиіс. Қажет болған жағдайларда ғана, қазақ тілімен қатар өзге тілдер қолданылуы мүмкін. Қазіргі таңда соттарда ішкі құжат айналымын мемлекеттік тілге көшіру жолға қойылып, әрбір істі қазақ тілінде қарап, мемлекеттік тілде шешім шығаруға мүмкіндік мол.  Сондықтан, еліміздегі әрбір сотта мемлекеттік тіліміздің мерейі үстем.

 

Әйтеке би аудандық сотының бас маманы Ж.С.Әбдірова

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.