Ювеналды полиция қызметкерлерімен онлайн-семинар өткізілді
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы онлайн режимінде «Кәмелетке толмаған балаларды дұрыс тәрбиелемеу үшін ата-аналардың жауапкершілігі және олардың білім алуын бақылау» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарға Орал қаласы, Абай және Зачаган полиция бөлімдерінің ювеналды полициясының аға инспекторлары мен инспекторлары қатысты.
Тақырыптың өзектілігі: әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау кезінде сот төрелігін жүзеге асыру іс жүргізу құжаттарын құру сапасына тікелей байланысты, бұл лауазымды адамдардан істерді тіркеу мен қалыптастыруға жауапкершілікпен қарауды.
Семинарды ашқан сот төрағасы С.Т.Кадралиева осы бап бойынша әкімшілік істердің өсуіне және осы санаттағы істер бойынша қысқартылған іс жүргізуді қолдану мүмкіндігіне назар аудара отырып, ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік істерді қарау кезінде сотта туындайтын негізгі мәселелерді көрсетті, сондай-ақ қолайсыз отбасылармен профилактикалық іс шаралар өткізуін тапсырды.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлерінің жұмысындағы кемшіліктерге тоқталып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау және материалдарды өңдеу сапасына назар аударды.
Семинарға қатысушылар балаларды дұрыс тәрбиелеу мәселесі бойынша заңнаманы қолданудан туындайтын проблемалық сұрақтарды талқылады.
БҚО Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соты
[xfvalue_img]