Ювеналды полиция инспекторларымен онлайн-семинар өткізілді
БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы С.Қадралиева Орал қаласының ювеналдық полиция инспекторларымен «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамаларды толтырудың сапасы мен кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын-алу» атты тақырыпқа онлайн – семинар өткізді.
Семинарға Орал қалалық, Абай және Шаған ювеналдық полиция бөлімінің инспекторлары мен аға инспекторлары қатысты.
Онда кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторларымен әкімшілік істерді әзірлеу және сотқа тапсыру барысында жіберілетін негізгі қателіктер талқыланды. Сонымен қатар, ювеналды соттың соттылығына жататын әр түрлі санаттағы істер бойынша дәлелдемелер базасы жөнінде талқыланып өтті.
Сот төрағасы С.Қадралиева Қазакстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің талаптарына сай әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау, өндіріс тілін анықтау, хаттаманы сотқа қарауға жолдау уақыты туралы түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар сот төрағасы С.Қадралиева өз сөзінде құқықбұзушылықтардың алдын алу шаралары негізінде, Қазакстан Республикасының «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңының талабын орындау барысында кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі қоғамдық ұйымдармен жұмыс жүргізетіндерін көрсетті.
Семинар соңында, қатысушылар тарапынан, аталған тақырып бойынша көптеген сұрақтар қойылып, тиісті жауап алынды.
БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
[xfvalue_img]