Qazaqstan Investment Corporation «Бәйтерек» бірыңғай брендіне өтуде: Қазақстанға инвестиция тартудың жаңа кезеңі
Qazaqstan Investment Corporation (QIC) өз акционері – «Бәйтерек» холдингінің бірыңғай брендтік платформасына өткенін жариялайды. Даму институтын ауқымды ребрендингтеу аясында QIC жаңартылған шатырлы логотип пен визуалдық брендтік шешімді енгізуде. Бұл қадам топтың стратегиялық бірлігін айқындайды, халықаралық серіктестердің сенімін арттырады және Қазақстанның инвестициялық әлеуетін ілгерілету мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Мемлекеттік инвестициялық активтердің негізгі басқарушыларының бірі әрі тікелей инвестициялар нарығының қатысушысы ретінде QIC ұлттық экономиканың мүдделері мен жаһандық инвестициялық қоғамдастықтың тоғысқан тұсында жұмыс істейді. «Бәйтерек» холдингімен бірыңғай брендке көшу визуалдық және коммуникациялық шоғырлануды қамтамасыз етіп, халықаралық қорлармен, қаржы институттарымен және стратегиялық инвесторлармен неғұрлым ашық әрі жүйелі диалог құруға мүмкіндік береді. QIC серіктестері үшін бұл компанияның институционалдық тұрақтылығының, ашықтығының және елдің ұзақ мерзімді даму жүйесіне терең ықпалдасқандығының қосымша дәлелі болып табылады.
Ребрендинг аясында QIC брендтің жаңартылған визуалдық бірегейлігін кезең-кезеңімен енгізуді бастайды. «Бәйтерек» фирмалық белгісі мен корпорация атауын біріктіретін жаңа логотип ресми сайтта, іскерлік құжаттамада, презентациялық және имидждік материалдарда, сондай-ақ цифрлық платформаларда пайдаланылатын болады. Сонымен қатар QIC операциялық дербестігін, инвестициялық сараптамасын және стратегиялық фокусын сақтай отырып, бірыңғай ұлттық инвестициялық экожүйенің бір бөлігі ретіндегі өз ұстанымын нығайтады.
«Біз акционеріміздің ребрендинг стратегиясын қолдаймыз, өйткені оның QIC миссиясын іске асыруда нақты практикалық құндылығын көріп отырмыз. Бірыңғай әрі танымал бренд корпорацияға халықаралық аренада деген сенімді арттырады. Ірі инвесторлар мен қорлар үшін біздің Ұлттық инвестициялық холдинг «Байтерекпен» визуалды түрде айқын байланысымыз сенімділік, институционалдық тұрақтылық және мемлекеттік қолдаудың белгісі болып табылады. Бұл – қызметіміздің мәнін өзгерту емес, Қазақстан экономикасының басым секторларына капитал тарту құралдарын күшейту», – деп атап өтті «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Басқарма төрағасы Дидар Каримсаков.
Бірыңғай брендті енгізу QIC-тің одан арғы коммуникациялық және стратегиялық бастамаларының алғашқы кезеңі болып табылады. Алдағы уақытта корпорация экономиканың басым салаларын дамытуға және елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған инвестициялық бастамаларды жүзеге асыруды жалғастырады.
Анықтама үшін:
«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ – 2007 жылы құрылған тікелей инвестициялар қорларының қоры, негізгі миссиясы тікелей инвестицияларды тарту және негізгі салалардың бәсекеге қабілеттілігін жаңғыртуға және арттыруға ықпал ететін жобаларды қолдау арқылы Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуіне жәрдемдесу. «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ - еншілес ұйымы. Қосымша ақпаратты https://qic.kz/ru сайтынан көруге болады.
[xfvalue_img]
