«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ 2025 жылдың қорытындысын шығарды

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ 2025 жылдың қорытындысын шығарды

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ (QIC, «Байтерек» ҰИХ» АҚ еншілес ұйымы), 2025 жылғы қызметінің қорытындыларын жариялады. Бұл жыл диверсификацияланған инвестициялық портфелі бар көпдеңгейлі капиталды басқару платформасына өту және халықаралық қатысуды кеңейту кезеңі болды.

2025 жылы QIC қатысуымен қорлар 15 жаңа жобаны қаржыландырды. Жалпы жүзеге асырылған және қолдау көрсетілген жобалардың саны 140-тан асты, бұл экономиканың негізгі секторларын қамтиды — өңдеу өнеркәсібінен және АӨК-тен бастап IT, инфрақұрылым және экспортқа бағытталған салаларға дейін.

Негізгі нәтижелердің бірі – АХҚО юрисдикциясында жаңа тікелей инвестициялық қорлардың архитектурасын қалыптастыру. 2025 жылы Kokzhiyek Fund L.P., мақсатты көлемі 4 млрд АҚШ доллары, экономикадағы басым секторларға бағытталған ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға кірісті. Жыл соңында экспортқа бағытталған агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға арналған Adal Fund L.P., мақсатты көлемі 1 млрд АҚШ доллары тіркелді.

Есептік кезеңде QIC жобалардан 6 толық және ішінара шығуды жүзеге асырды, жалпы сомасы 21,7 млрд теңге. Жобалар 4,9 мыңнан астам жұмыс орнын қамтамасыз етті және 10,5 млрд теңге салық түсімдерін әкелді. Негізгі мәмілелер арасында Aitas KZ және EMC Agro жобаларынан шығулар бар.

2025 жылы QIC халықаралық инвестициялық қатысуды күшейтті: Forebright Life Science Technology Fund LP және TVM Healthcare SEA Fund LP арнайы қорларына қосылды. Венчурлық сегментте компания Sturgeon Emerging Opportunities II LP және 1 млрд АҚШ доллары мақсатты көлемі бар Alem Ventures Fund LP қорларына енді.

2025 жылғы қорытындылар Qazaqstan Investment Corporation-ның масштабталу кезеңіне өтуін және Қазақстан экономикасының ұзақ мерзімді дамуына ықпал ететін негізгі институционалды инвесторлардың бірі ретіндегі рөлін нығайтуын растайды.

Анықтама үшін:

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ – 2007 жылы құрылған тікелей инвестициялар қорларының қоры, негізгі миссиясы тікелей инвестицияларды тарту және негізгі салалардың бәсекеге қабілеттілігін жаңғыртуға және арттыруға ықпал ететін жобаларды қолдау арқылы Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуіне жәрдемдесу. «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ - еншілес ұйымы. Қосымша ақпаратты https://qic.kz/kz сайтынан көруге болады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.