Qazaqstan Investment Corporation Қазақстандағы IT нарығының көшбасшысы Prime Source технологиялық провайдерімен келісімге қол қойды

Qazaqstan Investment Corporation Қазақстандағы IT нарығының көшбасшысы Prime Source технологиялық провайдерімен келісімге қол қойды

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің құрамына кіретін, «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ еншілес ұйымы – BGlobal Ventures – Prime Source технология провайдерінің стратегиялық серіктесіне айналды. Prime Source – 18 жылдық тәжірибесі және 400-ден астам сәтті жүзеге асырылған жобалары бар Қазақстандағы IT нарығының көшбасшысы.

Серіктестіктің мақсаты – шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыру үшін цифрлық құралдарды бірлесіп дамыту.

Жоба Fin4B.GovCare.kz арқылы іске асырылуда, ол кәсіпкерлікті қолдауға және қаржылық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған цифрлық шешімдердің экожүйесінің бөлігі болып табылатын мамандандырылған цифрлық шешім.

Fin4B.GovCare.kz платформасының негізгі мақсаты – өтінім беруден бастап ресурстарды пайдалану тиімділігін бақылауға дейінгі негізгі кезеңдерді цифрландыру арқылы ШОБ-ты қаржыландыру мен мемлекеттік қолдауды алу үдерісін жеңілдету, жеделдету және ашықтығын арттыру.

Шешім компаниялар туралы ақпаратты шоғырландыру мен тексеруді, олардың қажеттіліктерін автоматтандырылған бағалауды, процестің барлық қатысушыларымен ақпарат беруді және алмасуды, мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдар үшін есептер мен аналитиканы қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Нәтижесінде: кәсіпкерлік субъектілері мен қаржы институттары үшін үдерістің ашықтығы мен ыңғайлылығы артып, әкімшілік кедергілер мен қаржыландыруды қарау және алу мерзімдері қысқарады.

BGlobal Ventures-тің Fin4B.GovCare.kz жобасына қатысуы бизнес ортаның цифрлық трансформациясындағы жақсы құрылымдалған, стратегиялық тұрғыдан негізделген инвестициялық мәміленің мысалы болып табылады.

Шешім Қазақстандағы және Орталық Еуразиялық аймақтағы бизнес пен қаржы институттары үшін цифрлық қызметтердің экожүйесінде өсудің айқын перспективалары мен жоғары масштабтау әлеуетіне ие.

Анықтама үшін

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ – 2007 жылы құрылған тікелей инвестициялар қорларының қоры, негізгі миссиясы - Қазақстанда елдің тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатымен тікелей инвестицияларды және венчурлік қаржыландыруды дамыту. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ - еншілес ұйымы. Қосымша ақпаратты https://qic.kz/ru сайтынан алуға болады.

BGlobal Ventures Ltd. жеке компаниясы - Qazaqstan Investment Corporation-ның еншілес ұйымы және Ұлттық басқарушы холдинг «Бәйтерек» құрылымына кіреді. Компанияның негізгі мақсаты – Қазақстандағы венчурлік капитал нарығын дамыту.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

6 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.