Отанға қамқорлықпен: ынталы кәсіпкерлер Қазақстан туризмін дәріптеуде

Отанға қамқорлықпен: ынталы кәсіпкерлер Қазақстан туризмін дәріптеуде

Отандық бизнес ел ішіндегі саяхатты танымал етуге атсалысуда. Kazakh Tourism және «ZEBRA COFFEE» кофеханалар желісі Қазақстанның туристік бағыттарын кең аудиторияға дәріптеу мақсатында бірлескен коллаборацияны таныстырды.

Енді бір стақан шай не кофе туған елге саяхатқа шақыруға аналады. Әлеуметтік жауапты бизнестің үлгісін ZEBRA COFFEE желісінің негізін қалаушы Ержан Тастамбеков көрсетті. Kazakh Tourism бірлесе іліміздің туристік дестинациялары бейнеленген 1 миллион брендтелген стақан шығарылды. Олардан Бозжыра шатқалын, Қайыңды көлдерін, Байқоңыр ғарыш айлағын, Щучинск-Бурабай курорттық аймағын, Алматы, Астана және Түркістан қалаларын көруге болады.

«Коллаборация - мемлекет пен бизнестің туған жеріміздің туристік әлеуетін дәріптеу жолында бірігуінің жарқын үлгісі. Бұл бастамаға ерекше қолдау білдіргені және ынта-жігері үшін ZEBRA COFFEE серіктестеріне алғысымызды білдіреміз.Бұл жобаны Байқоңыр ғарыш айлағының 70 жылдығы күні таныстырудың символдық мәні зор. Біздің ынтымақтастығымыз - жергілікті компаниялар өз Отанының нағыз елшісі бола алатынына және ортақ іске үлес қоса алатынына жарқын мысал», - деп атап өтті Kazakh Tourism басшысы Қайрат Сәдуақасов

Стакандағы QR-кодты сканерлеу арқылы арнайы парақша  ашылады: https://zebra.qaztourism.kz/. Бұл платформада аталған туристік бағыттар туралы толық ақпарат, «Сапа белгісін» иеленген туробъектілер тізімі, сертификатталған гидтер туралы ақпарат және Қазақстан бойынша ең толық әрі сапалы нұсқаулықтың бірі ұсынылған. Бұдан бөлек, платформа қолданушылары үшін қонақ үйде тұруға эксклюзивті жеңілдіктер де қарастырылған.

 «Kazakh Tourism  бірлескен  жоба бір қарапайым, бірақ қуатты идеядан бастау алды — әрқайсымызға Қазақстанның қаншалықты таңғажайып екенін еске салу. Осы кезеңдегі әрбір стақан кофе - бұл саяхатқа шақыру. Саяхат бізді өзгертеді деп сенеміз», — деді ZEBRA COFFEE негізін қалаушы Ержан Тастамбеков.

Туристік нысандар бейнеленген стакандар еліміздің түкпір-түкпірінде қолжетімді болады.

Kazakh Tourism

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.