Елімізге Үндістаннан келетін туристер қатары екі есе артты

Елімізге Үндістаннан келетін туристер қатары екі есе артты

Қазақстан Үндістанның туризм нарығындағы негізгі компаниялармен ынтымақтастықты нығайтып, тікелей әуе қатынасын кеңейтуде. Kazakh Tourism және Air Astana компаниялары бұл елдің жетекші туроператорлары үшін арнайы таныстыру турын ұйымдастырды.

Қазақстан Еуразияның туристік картасында өз мәртебесін нығайтып келеді. Өткен жылдың өзінде Үндістаннан келушілер саны екі есеге жуық артып, 78 мыңнан 146 мыңға жетті. Бұл - еліміздің  туристік әлеуетін шетелде ілгерілету жұмыстарының нәтижесі.

Үндістандық туроператорлардың Қазақстанға сапары «Мумбай – Алматы» жаңа тікелей әуе бағдарының іске қосылуына орай ұйымдастырылды. Алғашқы рейс оңтүстік астанаға сәтті қонып, қонақтар Алматы қаласы мен Алматы облысының көрнекті жерлерін аралауға аттанды. Бағдарламада «Көктөбе» саябағы, «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты, көрікті «Шарын» шатқалы, бірегей Көлсай мен Қайыңды көлдері және өзге де туристік нысандар қамтылған. Бұл таныстыру сапары Үндістан туроператорларына өңірдің туристік әлеуетін бағалауға және саяхатшыларға ұсынатын бағыттарды кеңейтуге жол ашады.

Үндістанның ең ірі мегаполисімен тікелей әуе байланыс аптасына 3 рет орындалады: Мумбайдан ұшақ сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері ұшады, ал Алматыдан кері рейстер сәрсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері жүзеге асырылады.

Атап өткен жөн, 2024 жылы Kazakh Tourism Мумбай қаласында қазақстандық және үндістандық туроператорлар арасында ынтымақтастықты дамыту мақсатында B2B кездесулер өткізді.

Kazakh Tourism

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.