Қазақстанды таныңыз: Kazakh Tourism жаңа туристік жолсілтеме әзірледі

Қазақстанды таныңыз: Kazakh Tourism жаңа туристік жолсілтеме әзірледі

Сіз Қазақстанның батысында жартастардың арасында «Шахмат ханшайымы» бар екенін білдіңіз бе? Ал еліміздің шығыс бөлігінде ХХ ғасырдың басында салынған ескі Аустрия жолын көрдіңіз бе? Бәлкім, Хан Тәңірінің асқақ шыңына тамаша көрініс ашылатын мінсіз орынды іздеген шығарсыз? Қазақстан бойынша жаңа туристік гид елдің көпшілік зерделемеген аймақтарын қамтиды және танымал бағдарларға жаңа көзқарас ұсынады. Тревел-гайд Kazakh Tourism қолдауымен жарық көрді. Оның авторы – танымал саяхатшы Виталий Шуптар. 

Жаңа тревел-гайд саяхатшылардың таптырмас көмекшісіне айналмақ. Тұңғыш рет бір басылымда тек танымал көрікті жерлер ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның әлі де толық зерттелмеген аймақтар да көрсетілген. Туристердің ыңғайлылығы үшін барлық локациялар өңірлік тұрғыда ұсынылған. Олар саяхатшыларды еліміздің солтүстік, батыс, орталық, оңтүстік-шығыс, оңтүстік және шығыс бөліктеріндегі ең таңғажайып жерлерге жетелейді.

«Туристік жолсілтеме саяхатшыларға таңдаған өңірдегі облыстарда бірден бірнеше туристік локацияны алдын ала белгілеп, саяхатын жоспарлауға көмектеседі. Онда көпшілікке белгілі орындармен қатар, елдің әр түкпіріндегі әзірге аса танымал емес, бірақ ерекше әсерге бөлейтін жерлер туралы мәліметтер бар. Шығыс Қазақстандағы ескі аустриялық жол, Актолағай мен Ақкегершін үстіртіндегі сырға толы бор жартастары, Хан Тәңіріне  керемет көрініс ашылатын Нарынқол – оның бір парасы ғана. Жолсілтеме саяхатшыларға жаңа көкжиектерді ашуға көмектеседі. Оның сапалы фотоматериалдары туристік локациялармен визуалды түрде танысып, сапарды алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді», – дейді Kazakh Tourism басшысы Қайрат Садвакасов.

Қазақстан бойынша жолсілтеме жаңа перспективалық бағыттарды көрсетіп, елдің аз зерттелген бұрыштарына назар аударады. Тревел-гайд үш тілде жарық көрді. Оны саяхатты жоспарлау кезінде де, жолда жүргенде де пайдалану ыңғайлы.

Kazakh Tourism

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.