Абзал Нүкенов Жеңістің 80 жылдығына арналған халықаралық конференция туралы: «Бұл – елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған тағы бір қадам» » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
Абзал Нүкенов Жеңістің 80 жылдығына арналған халықаралық конференция туралы: «Бұл – елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған тағы бір қадам»

Абзал Нүкенов Жеңістің 80 жылдығына арналған халықаралық конференция туралы: «Бұл – елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған тағы бір қадам»

Алматыдағы Достық үйінде Жеңістің 80 жылдығы аясында «Жеңістің естелігі: ұрпақтар мен халықтар бірлігі» атты Қазақстан-Ресей конференциясы өтті.

Іс-шараға ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Абзал Нүкенов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ресей Федерациясы Президентінің шет елдермен аймақаралық және мәдени байланыстар жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Антон Рыбаков, Ресей Федерациясының Жастар ісі жөніндегі федералдық агенттігі басшысы Григорий Гуров, екі елдің ғалымдары мен сарапшылары, сондай-ақ белсенді жастар қатысты.

Конференция мерейтойлық датаға орай Қазақстан мен Ресейдің бірлесіп ұйымдастыратын іс-шараларының бастамасы болды.

ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі конференцияның ашылу салтанатында қатысушыларды айтулы мерейтоймен құттықтап, тарихи естеліктерді сақтауда екі елдің өзара байланысының маңызын атап өтті.

«Алматыда өтіп жатқан «Жеңістің естелігі: ұрпақтар мен халықтар бірлігі» конференциясы – елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған тағы бір қадам. Соғыс туралы естеліктер – біздің ортақ тарихымыз, келешектегі бірлескен ынтымақтастықтың негізі. Жеңістің 80 жылдығы аясында және жалпы алғанда, біз үшін білім беру, өзін-өзі дамыту, жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру маңызды», – деп атап өтті Абзал Нүкенов.

Конференция аясында 2025 жылға арналған Қазақстан-Ресей гуманитарлық ынтымақтастығы саласындағы іс-шаралар жоспарына қол қойылды.

Конференция бағдарламасы үш панельдік сессиядан тұрды. Атап айтсақ, «Жеңістің естелігі: ұрпақтар мен мәдениеттер арасындағы көпір», «Жеңіс естелігін сақтауға арналған жастар қозғалыстары» және «Ортақ тарихты нығайтуға бағытталған заманауи жобалар» секілді сессиялар бар.

Атаулы мерейтой қарсаңында тараптар бірқатар бірлескен жобаларды жоспарлауда. Атап айтсақ, акциялар, форумдар, мәдени іс-шаралар ұйымдастырады.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

  1. аватар
    techy 9 апреля 2025 16:36

    The free content on 무료 웹툰 never disappoints!

    The user interface of 뉴토끼 is so easy to navigate.

    Use relevant hashtags to expand your reach and boost your 인스타 팔로우.

    I always find something new and exciting to read on 뉴토끼.

    I keep coming back to 마나토끼 because of its amazing comic collection.

    Highly recommend 블랙툰 for the best webcomic experience!

    I’ve found so many new comics to read on 블랙툰, it’s perfect!

    If you're into comics, you need to visit 뉴토끼 주소.

    마나토끼 makes it so easy to binge-watch animations anytime!

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.