Қазақстан Орталық Азия елдерінің жастар кеңесін құру бастамасын ұсынды

Қазақстан Орталық Азия елдерінің жастар кеңесін құру бастамасын ұсынды

2018 жылғы 11-12 маусымда Ташкентте Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов «Экстремизмге күштеу және терроризмге әкелетін радикалдауға қарсы іс-қимыл және алдын алуда жастардың рөлі туралы» тақырыбында өткен халықаралық конференцияның жұмысына қатысты. 

Конференцияны Өзбекстандағы ЕҚЫҰ Жобаларының үйлестірушісі, Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің Сенаты және Біріккен Ұлттар Ұйымы ұйымдастырды.

Екі күндік конференция экстремизмге күштеу және радикалдануды болдырмау үшін жастарды тарту қажеттігі туралы хабардарлығын арттыру және саяси ұсынымдарын әзірлеуге бағытталады.

Конференцияға халықаралық ұйымдардың басшылары, Орталық Азия елдерінің мемлекеттік органдарының және ҮЕҰ өкілдері, сарапшылар қатысты.

Абзал Нүкенов «Экстремизмге және терроризмге күштеуге қарсы іс-қимылдағы мемлекет пен азаматтық қоғамның ынтымақтастығы» панельдік сессиясында сөз сөйледі және мемлекет пен діннің өзара іс-қимылының өзіндік моделін қалыптастыру бойынша, Қазақстандағы жастардың дамуы мен әлеуметтенуіне жағдай жасау үшін жүргізіліп жатқан жұмыс туралы айтты.

«Жастарды жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауымыз қажет. Мақсатымыз – жастарды қолжетімді біліммен, жұмыспен,  сапалы бос уақыттарын сапалы өткізуді қамтамасыз ету. Осы бағытта тиісті кешенді жұмыс жүргізілуде», - деді А. Нүкенов.

Вице-министр Орталық Азия елдері жастарының кеңесін құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

«Қазіргітаңда Орталық Азия кеңістігінде ынтымақтастықты дамыту және ортақ мәселелер бойынша бірігіп шешім қабылдауға жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Жұмысты жүйелі жүргізудің тиімді механизмдерінің бірі ретінде әріптестерге әртүрлі сала өкілдерінен құралатын жастарды қамтитын Ортаазиялық аймақ елдерінің Жастар кеңесін құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз. Кеңес аясында біз өзекті мәселелерді, оның ішінде экстремизмнің және терроризмнің алдын алу мәселелерін талқылайалатын едік», - деді вице-министр.

Қатысушылар жастар арасында экстремизмге және терроризмге әкелетін радикалданудың алдыналу және оған қарсы іс-қимыл бойынша кешенді тәсілдерді талқылап, діни радикализмге қарсы күресте жастардың әлеуетін тиімді пайдалану жөнінде Орталық Азия елдеріне арналған ұсынымдар әзірледі.  

Сонымен қатар, конференция барысында Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің сенаты төрағасының орынбасары Садык Сафаев, ЕҚЫҰ Бас хатшысы Томас Гремингер, БҰҰ Бас хатшысының жастар ісі жөніндегі уәкілі Джаятма Викраманаяке, БҰҰ Контртеррористік басқарма директоры Жехангир Хан, ЕО-ның Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Питер Буриан, Өзбекстан Республикасы Президентінің жастар ісі жөніндегі мемлекеттік кеңесшісі, Өзбекстан жастарының одағы Орталық кеңесінің төрағасы Кахрамон Куранбаев сөз сөйледі.  

 
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.