Қазақстан мен Ресей СІМ басшылары «сағаттарын теңестірді»
НҰР-СҰЛТАН, 2020 жылғы 9 маусым - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен бейнеконференцбайланыс режимінде келіссөздер жүргізді.
Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары саяси, экономикалық салалардағы, соның ішінде транзиттік-көліктік, энергетикалық және әскери-техникалық бағыттардағы Қазақстан-ресейлік жан-жақты стратегиялық әріптестіктің ағымдағы жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Тараптар, сондай-ақ, ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ШЫҰ, БҰҰ аясындағы кооперация мәселелерін қарастырды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысу үшін Мәскеуге алдағы сапарын дайындау мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, М. Тілеуберді мен С. Лавров ағымдағы жылдың қараша айында Көкшетауда өтетін Қазақстан мен Ресей XVII өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселелерін қарастырды.
[xfvalue_img]