Астанада Қазақстан-Грузия СІМ-аралық консультациялары өтті
2018 жылғы 6 желтоқсан Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Грузия сыртқы саяси ведомстволарының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары деңгейінде СІМ-аралық консультациялар өткізілді. Қазақстан делегациясын ҚР Сыртқы істер министрлігінің ТМД департаментінің директоры Уәлихан Төреханов, ал Грузия тарапын Сыртқы істер министрлігінің Азия және Океания департаментінің директоры Давид Кереселидзе басқарды.
Консультациялар барысында саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екі жақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды. Екі ел арасындағы халықаралық аренадағы, соның ішінде БҰҰ мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы шеңберіндегі өзара әрекеттесу мәселелері қаралды.
Екі ел арасындағы транзит-көліктік әлеуетін дамытуға ерекше назар аударылды. ТРАСЕКА, Транскаспий халықаралық көлік бағыты және «Баку - Тбилиси - Карс» теміржол дәлізі аясындағы жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.
Қазақстан мен Грузия арасындағы саяси консультациялардың келесі раундын 2019 жылы Тбилисиде өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хабарламасы
[xfvalue_img]
21 пікір