Астанада Қазақстан-Өзбекстан консулдық консультациялары өтуде
Қазақстан мен Өзбекстан Сыртқы істер министрліктері арасындағы 2018 жылға арналған ынтымақтастық жөніндегі Іс-шаралар жоспарына сәйкес консулдық мәселелер бойынша Қазақстан-Өзбекстан консультациялары өткізілді.
Қазақстандық делегацияны Консулдық қызмет департаментінің директоры Үмбетбаев Тауболды басқарды, өзбек делегациясын Консулдық-құқықтық департаменті директорының орынбасары Насриев Фариддин басқарды.
Конструктивті және достық атмосферада өткен консультациялар барысында тараптар консулдық саласындағы екі жақты қарым-қатынастардың жай-күйін талқылады, консультациялар нәтижесінде тиісті хаттамаға қол қойылды.
Екі жақты кездесулер барысында туындаған мәселелердің бірі екі елдің туризмін дамытуға ықпал ететін «Silk Road» визасын енгізу болды.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің
[xfvalue_img]