Қазақстан Елшісі Грузия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшісі Бауыржан Мұхаметжанов Грузия Президенті Георгий Маргвелашвилиге сенім грамоталарын тапсырды.
Кездесу барысында Қазақстан Елшісі екіжақты қатынастардың қарқынды дамып отырғанын, сондай-ақ екі елдің халықаралық ұйымдар шеңберінде табысты ынтымақтастығын атап көрсетті. Ол Грузия Президенті Г.Маргвелашвилидің өткен жылғы маусымдағы елімізге ресми сапарының қорытындылары мен оның Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесі шеңберіндегі Грузияның Ұлттық күніне қатысуын Қазақстанда жоғары бағалайтынын атап өтті.
Елші Грузия Президентіне Қазақстанда жүргізіліп отырған саяси және экономикалық қайта құрулар, қоғамдық сананы жаңғырту, сондай-ақ еліміздің халықаралық бастамалары туралы әңгімеледі.
Грузия Президенті грузин тарапының тәуелсіздік жылдары табысты дамып отырған екі ел арасындағы өзара тиімді, дәстүрлі достық қатынастарды одан әрі дамытуға дайындығын растады. Ол Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа және барлық қазақстандықтарға халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асыруда табыстарға жетуге ізгі тілектерін білдірді.
Екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, көлік-транзит, туристік және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты арттыру келешектері талқыланды.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хабарлама
[xfvalue_img]