KazAID қолдауымен қазақстан ауғанстанға дәрі-дәрмектермен гуманитарлық көмек жолдады

KazAID қолдауымен қазақстан ауғанстанға дәрі-дәрмектермен гуманитарлық көмек жолдады

2025 жылғы 21 сәуір, Кабул – Қазақстан тарапы Ауғанстанның Төтенше жағдайлар министрлігіне гуманитарлық көмектің екінші бөлігін тапсырды. Дәрі-дәрмектер, медициналық бұйымдар және жеке қорғаныс құралдары бар жүк Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастаған делегацияның ресми сапары аясында әуе арқылы жеткізілді.

Гуманитарлық жүктің жалпы салмағы 3 тонна 396 килограмды құрады.

Аталған гуманитарлық көмек KazAID Қазақстандық халықаралық даму агенттігі қолдауымен көрсетілді.

Қазақстан тату көршілік қатынастарды нығайтуды тұрақты түрде жақтайды және өңірдегі гуманитарлық тұрақтылықты қамтамасыз етуге алдағы уақытта да қолдау көрсетуге дайын.

Еске сала кетейік, үш күн бұрын Ауғанстанға алғашқы партия – жалпы көлемі 2,2 мың тонна гуманитарлық көмек теміржол арқылы жөнелтілген болатын. Оның құрамына өсімдік майы, бидай ұны, күріш жармасы, қысқы және жазғы шатырлар мен көрпелер кірді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.