Қазақстан Қырғызстан Республикасына 2000 тонна көлемінде дизель отыны түрінде гуманитарлық көмек жіберді
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша KazAID Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің қолдауымен қырғыз халқына дизель отыны түріндегі 2000 тонна жүк бөлінді.
Естеріңізге сала кетейік, Бішкек ЖЭО-да ағымдағы жылдың 2 ақпанында апат орын алып, Бішкекте жылу және ыстық су мәселелері басталды. Қазақстан жеткізген дизель отыны көлік, ауыл шаруашылығы және медициналық мекемелерді қоса алғанда, тыныс-тіршіліктің түрлі салаларындағы энергетикалық қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын болады.
2024 жылғы 28 ақпанда ҚР ТЖМ "Резерв" РМК "Заря" филиалынан 1000 тонна дизель отынының бірінші партиясын 17 вагон-цистернамен жөнелтті.
Бұл гуманитарлық көмек Қазақстанның көрші елдермен әріптестік қатынастарды дамыту жөніндегі тұрақты күш-жігерінің және бүкіл өңірді дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға одан әрі жәрдемдесудің бір бөлігі болып табылады.
Анықтама: ҚР СІМ "KazAID" Қазақстандық халықаралық даму агенттігін Қазақстан Үкіметі құрды және дамуға ресми көмек (ДРК) саласындағы оператор болып табылады. "KazAID" ДРК саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, серіктес елдерде даму мен тұрақты өсуге жәрдемдеседі, Қазақстанның әртүрлі салалардағы жетістіктерін ілгерілетеді, тәжірибе алмасуға және әртүрлі елдердің мамандары арасында байланыс орнатуға ықпал етеді
ҚР СІМ "KazAID" Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің
Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]