Қазақстан-Британ әріптестігін жаңа деңгейге шығару мәселесі Ұлыбританиямен Стратегиялық диалогының 7-ші отырысында қарастырылды
Қазақстан мен Ұлыбритания өзара әріптестікті тереңдетуді жалғастыруда. Аталған бірлескен жұмыстың басымды бағыттары Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Р. Василенконың және Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің орынбасары Л. Докертидің қатысуымен Астанада өткен Қазақстан-Британ Стратегиялық диалогының 7-ші отырысы барысында қарастырылды.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын талқылап, халықаралық және өңірлік күн тәртібі мәселелері бойынша пікір алмасты.
Р. Василенко «Қазақстанның Ұлыбританиямен дәйекті және көп қырлы стратегиялық әріптестікті нығайтуын және саяси байланыстардың белсенді дамуын, сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың оң динамикасын,
сондай-ақ шарттық-құқықтық базаның кеңеюін құптайды» деп мәлімдеді.
Өз кезегінде Л. Докерти «Қазақстан Ұлыбритания үшін өте маңызды әріптес болып табылатынын, оның ішінде аймақтық диалог пен Еуропамен энергетикалық ынтымақтастық мәселесінде» деп атап өтті.
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары қол қойылуы жоспарланып отырған Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім өзара тиімді мемлекетаралық әріптестікті жаңа сапалы деңгейге шығаратынын атап өтті. Осы орайда, ол екі елдің сыртқы саяси мекемелері деңгейіндегі жан-жақты диалогты ілгерілетуге дайын екенін растады.
Отырыс аясында тараптар өзара іс-қимылдың көлік және логистика, маңызды шикізат, жаңартылатын энергия көздері, экология және денсаулық сақтау сияқты негізгі бағыттарына баса назар аударды.
Р. Василенко білім саласында нәтижелі әріптестік үшін кең мүмкіндіктер бар екенін айтып, Қазақстанда британ жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жұмыстарын одан әрі ұлғайтуға шақырды. Тараптар сондай-ақ Ұлыбританияның Қазақстан және жалпы Орталық Азия туралы мұрағат деректерімен алмасу және зерттеу мүмкіндіктерін талқылады.
Стратегиялық диалог – Қазақстан-Ұлыбритания ынтымақтастығының негізгі механизмдерінің бірі. Стратегиялық диалогтың бұдан бұрынғы отырысы 2022 жылы желтоқсанда Лондонда екі ел сыртқы саяси мекемелері басшыларының қатысуымен өтті.
Ұлыбритания Қазақстанның маңызды саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық әріптесі болып табылады. Елдеріміз 2022 жылы дипломатиялық қатынастардың 30-жылдығын атап өтті.
Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан-Британ сауда айналымы 2021 жылмен салыстырғанда 60%-ға өсіп, 1,8 млрд. АҚШ долл. құрады (экспорт – 1,5 млрд., импорт – 384,3 млн.).
Анықтама: Ұлыбритания Қазақстанның маңызды саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық әріптесі. 2022 жылы елдер дипломатиялық қарым-қатынастардың 30-жылдығын атап өтті .
2022 ж. қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 2021 ж. салыстырғанда 60% өсіп, 1,8 млрд. АҚШ долл. құрады (экспорт – 1,5 млрд., импорт – 384,3 млн.). Ү.ж. бірінші сегіз айында тауар айналымы 879 млн. жетті (экспорт – 559 млн., импорт – 320 млн.).
Ұлыбритания Қазақстан экономикасына салған ірі шетелдік инвесторлардың бірінші ондығына кіреді. 2022 ж. Ұлыбританиядан Қазақстанға 661 млн. долл., жалпы алғанда
2005 ж. бастап 16 млрд. долл. астам көлемінде ТШИ тартылды. Қазақстанда британ капиталының қатысуымен 600-ге жуық компания тіркелген.
https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/629483?lang=kk
[xfvalue_img]
1 пікір