Нұр-Сұлтанда Ұлыбританиямен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланды

Нұр-Сұлтанда Ұлыбританиямен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланды

 

Сыртқы істер министрлігінде Сыртқы саяси ведомствосының басшысы Бейбіт Атамқұлов Ұлыбритания Премьер-Министрінің Қазақстан бойынша Сауда уәкілі Баронесса Эмма Николсонмен кездесті.

Кездесу тақырыбы ел экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту бойынша берілген функциялар шеңберінде ҚР СІМ-мен жұмыстың жаңа форматын талқылау болды. Пікір алмасу барысында тараптар шетелдік инвесторлардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Екінші қазақстан-британ инвестициялық форумын өткізу бойынша дайындық мәселелерін талқылады. Бұл іс-шара ағымдағы жылдың қазан айында Лондонда жоспарланған.

Сыртқы істер министрлігінде өткен кездесудің тағы бір тақырыбы қазіргі уақытта Қытайда белсенді алға дамып отырған «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында Қазақстан мен Ұлыбританияның өзара тиімді ынтымақтастығын дамыту болды. Мұндай өзара іс-қимыл барлық тараптар үшін жаңа нарықтарға шығуға, капитал мен инновациялық технологияларды тарту бойынша қосымша мүмкіндіктер ашады. Британдық тарап Ляньюньган теңіз портының, Қорғастағы «құрғақ» порттың жұмысы және Қазақстан мен Қытай арасындағы бірлескен өнеркәсіптік жобалары туралы хабардар етілді.

Сонымен қатар, білім беру, денсаулық сақтау, сандық технологиялар, ауыл шаруашылығы, логистика және көлік транзиті сияқты екіжақты қарым-қатынастардың перспективалы бағыттары британдық делегациясының үлкен қызығушылығын тудырды.

Жалпы, кездесу қорытындысы бойынша тараптар талқыланған мәселелердің кең ауқымды кешені бойынша өзара түсіністікке қол жеткізіп, екіжақты қарым-қатынастардың барлық спектрі бойынша стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға деген нық ұмтылысын растады.

Ұлыбритания Қазақстанның ірі инвесторларының бестігіне кіруде. 2005-2018 жылдар аралығында Ұлыбританиядан жалпы тікелей инвестициялар көлемі 13,3 млрд. АҚШ. долларын құрады. Қазақстанда британдық қатысуымен 860-тан астам заңды тұлға, филиал мен өкілдіктер тіркелген, олардың ішінде 500-ден астамы белсенді қызмет атқаруда.

Баронесса Э. Николсонның Қазақстанға сапары 28 сәуірден бастап өтуде. Оның шеңберінде британдық саясаткер Атыраудағы мұнай-газ форумына қатысып, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, «Самұрық-Қазына» «ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовпен, сондай-ақ қазақстан-британ іскерлік топтар өкілдерімен кездесулер өткізді.

 

Қазақстан Республикасы  Сыртқы істер министрлігінің

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.