Қазақстан мен Ұлыбритания СІМ басшылары Стратегиялық диалог отырысын өткізді

Қазақстан мен Ұлыбритания СІМ басшылары Стратегиялық диалог отырысын өткізді

 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді британдық тараптың шақыруымен Лондон қаласына сапармен келді.

Сапардың бірінші күні М. Тілеуберді мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Сыртқы істер, Достастық және даму министрі Джеймс Клеверли Қазақстан-Британия Стратегиялық диалогының 6-шы отырысын ашты. Отырысқа Қазақстан мен Ұлыбританияның бейінді министрліктері мен ведомстволарының өкілдері де қатысты.

Қазақстан-Британия Стратегиялық диалог 2013 жылы құрылды және екіжақты мен көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін қарау, сондай-ақ әріптестіктің жаңа, перспективалы бағыттарын айқындау үшін маңызды институционалдық платформа.

Жеке кездесу барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты қатынастардың барлық кешенін талқылап, өзара қызығушылық тудыратын өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты.

М. Тілеуберді Астана мен Лондон арасындағы өзара сенімнің жоғары деңгейін және тығыз саяси диалогты атап өтті, бұл әртүрлі салалардағы көпжоспарлы әріптестікті үдемелі тереңдетуге ықпал етеді. «Менің сапарым Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай өтіп жатқаны символикалық мағынаға ие. Осы кезеңде біздің стратегиялық әріптестігімізге сапалы серпін беру маңызды», - деді ҚР СІМ басшысы.

«Қазақстан - еліміздің Орталық Азия өңіріндегі аса маңызды және сенімді серіктесі. Біз британдық-қазақстандық өзара іс-қимылды әртараптандыру үшін қолда бар барлық мүмкіндіктерді пайдалануға дайынбыз», - деді Дж. Клеверли. Британдық тарап үкіметтік деңгейде тұрақты диалогты сақтау, сондай-ақ екі елдің бизнес қауымдастықтары арасындағы байланыстарды жандандыру қажеттігін атап өтті.

Бұған жақын арада Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы Стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық туралы жаңартылған келісімге қол қою ықпал етуі тиіс. Тараптар ағымдағы жылдың 10 айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 65,7%-ға жоғарылаған екіжақты тауар айналымының өсуін қанағаттанушылықпен атап өтті.

Сондай-ақ, ҚР СІМ басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған елімізде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалары туралы хабардар етті. М. Тілеуберді өзінің британдық әріптесін Астанаға сапармен келуге шақырды. Форин офистің басшысы шақыруды қуана қабыл алды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ұлыбританияның сыртқы саяси ведомстволары басшыларының Бірлескен мәлімдемесі қабылданды, онда саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салаларда, сондай-ақ энергетикалық қауіпсіздік және климаттың өзгеруіне қарсы күрес саласында екіжақты стратегиялық әріптестікті дамытуға өзара ұмтылыс көрініс тапты.

Лондонға сапарының бірінші күні ҚР СІМ басшысы Ұлыбритания Премьер-министрінің Сауда өкілі баронесса Эмма Николсонмен, Британдық-қазақстандық қоғамдастықтың төрағасы Руперт Гудманмен және британдық ресми топтардың өкілдерімен кездесті.

Сол күні министр М. Тілеуберді мен қазақстандық делегация мүшелерінің «Shell», «RioTinto» және «ERG International Group» ірі британдық және халықаралық компанияларының басшыларымен кездесулері өтті. Минералды ресурстарды барлау және өндіру, қазақстандық мұнай экспортын әртараптандыру перспективалары, жасыл энергетиканы дамыту және Қазақстанда тұщыландыру және су тазарту құрылыстарын салу мәселелері талқыланды.

Ұлыбритания Қазақстанның ірі шетелдік инвесторлардың жетеуіне және жетекші сауда серіктестерінің ондығына кіреді. Бүгінгі таңда ҚР-да британдық капиталы бар 600-ден астам компания тіркелген, Ұлыбританиядан Қазақстан экономикасына тартылған инвестициялар көлемі 30 жыл ішінде 20 млрд АҚШ доллардан асты.

Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
Баспасөз қызметі

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

14 пікір

  1. аватар
    Rozella 19 сентября 2023 13:09

    What i do not realize is actually how you're no longer actually a
    lot more smartly-preferred than you might be now. You are so
    intelligent. You understand thus considerably in the case of this topic, made
    me in my view imagine it from a lot of varied angles.
    Its like men and women don't seem to be fascinated except it is one thing to do with Lady
    gaga! Your personal stuffs outstanding. At all times maintain it up!


    Review my blog :: compra de molnupiravir en Bélgica fiable

  2. аватар
    Debra 23 сентября 2023 01:50

    Its like you read my mind! You seem to know so much about this, like you wrote the book in it or something.
    I think that you can do with a few pics to drive the message
    home a little bit, but other than that, this is excellent blog.
    A fantastic read. I will certainly be back.


    My website; Earnestine

  3. аватар
    Florene 2 декабря 2023 19:54

    I am really loving the theme/design of your website.
    Do you ever run into any web browser compatibility problems?
    A couple of my blog audience have complained about my
    site not working correctly in Explorer but looks
    great in Firefox. Do you have any solutions to help fix this issue?


    my blog post: bestellen leflunomida online

  4. аватар
    Ahmad 4 февраля 2024 11:56

    We are a gaggle of volunteers and starting a brand new scheme in our community.
    Your website offered us with valuable information to
    work on. You've performed a formidable task and our entire group can be thankful
    to you.

    Here is my webpage - waar cyclodol
    kopen

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив