Қазақстан Ауғанстан бойынша БҰҰ аясындағы халықаралық донорлық конференцияға қатысты
Қазақстан СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Талғат Қалиев Ауғанстанда бейбітшілікке қол жеткізу және қайта қалпына келу үдерістеріне жәрдем көрсетуіне арналған БҰҰ-ға мүше мемлекеттер мен бірқатар халықаралық ұйымдардың донорлық конференциясына қатысты.
Өз сөзінде ол Қазақстан өңірлік тұрақтылык пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Ауғанстанға жан-жақты қолғабыс көрсету қажеттілігін үнемі ұстанатынын мәлімдеді. Сонымен бірге еліміздің гуманитарлық және басқа көмек көрсету арқылы Ауғанстанды қалпына келтіру бойынша халықаралық күш-жігерге өз үлесін қосуды жалғастырып отырғанын атап өтті.
Отандық дипломат Қазақстанның Ауғанстан халқына көмек көрсету үшін Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы, БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасы және Халықаралық Қызыл Крест комитетінің қорларына ерікті жарналар енгізетінін жариялады.
https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/349464?lang=ru
[xfvalue_img]
7 пікір