ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Әбдірахманов Қызыл Крест  вице-президенті Ж. Карбоньемен кездесті

ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Әбдірахманов Қызыл Крест вице-президенті Ж. Карбоньемен кездесті

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Халықаралық Қызыл Крест комитетінің (ХҚКК) Президенті Петер Маурердің «Ядролық қару: жаһандық апаттың алдын алу» үндеуін мемлекет басшылығына жолдау үшін Астанаға іс-сапармен келген ХҚКК вице-президенті Жиль Карбоньені қабылдады.

Қызыл Крестің өкілі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусызданудағы рөлін және бірқатар дағдарыстық жағдайларды реттеудегі еліміздің делдалдық әрекетін жоғары бағалады.

Тараптар Қазақстанның Қызыл Крестпен ынтымақтастығын, Сириядағы жағдайды реттеудегі Астана процесінің үлесін, Ауғанстанға гуманитарлық көмек, қақтығыс аймақтарындағы ХҚКК-ның делдалдық қызметін және еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамындағы жұмыс тәжірибесін ескере отырып, болашақ өзара ынтымақтастықтың мәселелерін талқылады.

Қ. Әбдірахманов Елбасының жақындағы бастамасы - үздік елдер арасындағы экономикалық, саяси қарсыластықтардың ахуалды мәселелерін шешу мақсатында Қытай, АҚШ, Ресей, және Еуропа Одағы арасындағы диалогты жақсарту үшін БҰҰ-ның арнайы сессиясы форматындағы кезедесуді Астанада өткізуге болатындығын атап өтті. Бұндай диалог санкциялық және сауда қарсыластығын жоюды, сенім орнату, тұрақты дамуды қамтамасыз ету, кедейшілікті жою, дамып келе жатқан әлемге қолғабыс көрсету мақсатында терроризмге және басқа да заманауи тегеурінді талаптар мен қатерлерге қарсы күресті көздейді.

Қ.Әбдірахманов Қазақстандағы Қызыл Крест Өкілдігін ашу туралы ҚР Үкіметі мен ХҚКК арасындағы келісімді ратификациялау үрдісінің аяқталу үстінде екендігін хабарлады. ХҚКК Өкілдігінің ашылуы қазіргі кездегі бар оңтайлы ынтымақтастық тәжірибесін жалғастырады, жаңа көріністер алады және практикалық қадамдарға әкеледі деген үміт білдірді.

ХҚКК Вице-президенті Сыртқы істер министрлігіне Қазақстандағы комитет жұмысына қолдау  көрсететіндігіне алғыс білдірді. Сонымен қатар, ұлттық және өңірлік деңгейлерде, соның ішінде Ауғанстанда бірлескен жобаларды іске асыруда, қазақстандық бітімгершілерді дайындауда, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін оқытуда өзара ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендігін атап өтті.

Ж.Карбоньенің Астанаға сапары барысында ҚР Сыртқы істер министрлігі, Халықаралық Қызыл Крест Комитеті және Қазақстандағы Швейцария Конфедерациясының Елшілігі бірлесіп алғаш рет ҚР қазақ тіліне аударылған 1949 жылғы Женева конвенцияларын және оған қосымша хаттамалардың тұсаукесерін өткізді.

Сондай-ақ тұсаукесерге мемлекеттік органдардың, дипломатиялық корпустың, жоғарғы оқу орындарының өкілдері, қазақстандық және шетел БАҚ өкілдері қатысты

.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.