Қазақстан ауған халқына гуманитарлық көмекті тапсырды
Қазақстандық гуманитарлық көмекті Ауғанстан Ислам Республикасының халқына ресми тапсыру рәсімі өтті.
Барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, ішінде 1900 тонна ұн, 500 тонна макарон өнімдері, 4 мың литр күнбағыс майы және 200 мың қоюлатылған сүт банкалары кіретін 46 вагон гуманитарлық жүк жеткізілді.
Ресми іс-шараға Балх провинциясы әкімшілігінің, Ауғанстан СІМ және Қазақстанның АИР-дағы елшілігінің өкілдері қатысты.
Аталған азық-түлік өнімдерін АИР үкіметі елдің мұқтаж аймақтарына таратады.
[xfvalue_img]
7 пікір