Жамбыл облысында синтетикалық есірткі затын сақтаған азамат анықталды

Жамбыл облысында синтетикалық есірткі затын сақтаған азамат анықталды

2020 жылдың 18 қаңтарында Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары  барысында Тараз қаласының 20 жастағы азаматы құрықталды. Күдіктіден ерекше иісі бар қызыл түсті ұнтақ тәрізді зат табылды.

Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, табылған зат жалпы салмағы 4 грамнан астам синтетикалық есірткі  заты екені анықталды. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚК-тің  296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) және  297-бабы 1-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеу  амалдары жүргізілуде.

Жамбыл облысының Полиция департаменті Қылмыстық кодекске енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалағаны үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы жаза көзделгенін ескертеді.

 

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

108 пікір

  1. аватар
    Valerie 31 октября 2026 02:38

    Ensuring the safety and security of payment operations at online
    casinos is paramount for a seamless, no-stress gaming experience.
    Recently, online banks became a very popular
    way to manage personal finances and make easier money transactions.
    EcoPayz is a prepaid payment provider popular amongst Aussie players as it’s a comfortable way to make any online casino payments.


    References: https://inviewsalespro.com

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.