Екі қылмыс оқиғасы бір істе ашылды
Жамбылдық полиция қызметкерлерімен Байзақ ауданының құмға жақын аймағында жабайы қарасора жинаумен айналысқан 21 жастағы Тараз қаласының тұрғыны ұсталды. Тінту жұмыстары барысында күдіктіден 8 келі кептірілген марихуана табылып, тәркіленді.
Сондай-ақ, тергеу амалдарын жүргізу кезінде күдіктінің Байзақ ауданына қарасты шаруа қожалығының біріне тиесілі екі бас жылқы малын ұрлауға қатыстылығы анықталды. Жылқылар табылып, иелеріне қайтарылды.
Қазіргі уақытта аталған деректер бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабның 4-ші бөлімімен (аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) және ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлімімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Күдікті өз кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
29 пікір