Есірткіні жарнамалайтын граффити жазбалар жазған Тараз қаласының тұрғыны ұсталды
2019 жылдың 15 қарашасында «Рефлекс-2019» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және Тараз қалалық ПБ Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері бірлесіп, синтетикалық есірткі құралдарын тарататын тұлғаларды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді. Нәтижесінде үйлердің қабырғалары мен қоршаулардың сыртына есірткі таратуға қатысты граффити жазуларды жазған облыс орталығының тұрғыны ұсталды.
Ұсталған азамат кінәсін мойындап, жауапкершілікке тартылды. Синтетикалық есірткіні тарататын басқа адамдарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Қазіргі таңда табылған граффити-жазулар жойылып, синтетикалық есірткіні насихаттайтын интернет-сайттар бұғатталды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті осы бағытта тұрақты алдын алу жұмыстарын жүргізуде, сонымен қатар облыс тұрғындарына ғимараттардың қабырғаларына граффити салу және оларды компьютерлік желілерде тарату есірткі құралдарын насихаттау және заңсыз жарнамалау болып табылатынын ескертеді. Бұл үшін ҚР ӘҚБтК-нің 423-бабы бойынша жауапкершілікке тартылып, 150-ден 700 АЕК-ке дейін, яғни 378 750-ден 1 767 500 теңгеге дейін айыппұл қарастырылады.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
7 пікір