«Сен жалғыз емессің!»: Алматыда мүгедек балаларға арналған акция өтеді
Өтетін уақыты: 1 маусым 2020 жыл, 10.00
Кездесетін орын: Алматы қ., Рысқұлбеков көшесі 28/5 оф.94. ЖК «Бай-Тал».
2020 жылдың 1 маусым күні «Qolda» шұғыл көмек жобасы аясында «ITeachMe» біліктілікті дамыту орталығы» «Шеврон» компаниясымен серіктестікте Еуразия Орталық Азия Қорымен бірге мүгедек балаларға арналған қайырымдылық акция өткізбекші.
«ITeachMe» біліктілікті дамыту орталығы» қызметкерлері ертегі кейіпкерлерімен бірге, шарлар мен сыйлықтарын алып, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 30 отбасыны Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап қайтады.
Акцияның мақсаты: балалар мен олардың ата-аналарына рухани қолдау көрсету, сонымен қатар мүгедек баласы бар отбасылардың мәселелеріне халықтың назарын аудару.
bala.stat.gov.kz дерегі бойынша, 2018 жылы Қазақстанда 0-17 жас аралығындағы мүгедек балалар саны 86 956 болған. Мүмкіндігі шектеулі балалардың өміріндегі қиындықтар мен кедергілер олардың денсаулығына ғана байланысты емес, айналадағы адамдардың қарым-қатынасының да әсері мол. Олар үшін «оқшаулану кезеңі» өмір бойына жалғасып келе жатыр. Бұл акцияның негізгі міндеті – әр баланың ғажайыпқа бәр сәт болсын сенуіне көмектесіп, «Сен жалғыз емессің» деп жігерлендіру.
Акция «Шеврон» компаниясымен серіктестікте Еуразия Орталық Азия Қорымен бірге, сонымен қатар Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі Мақсат Қиқымовтың қолдауымен өтеді.
Байланыс үшін:
«ITeachMe» біліктілікті дамыту орталығы» ҚҚ
Менеджер: Пономарева Светлана
[xfvalue_img]
32 пікір