Көп балалы отбасыға сот ұжымымен қайырымдылық көрсетілді
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 сотының ұжымы көпбалалы отбасыға қайырымдылық көмегін көрсетті.
2020 жыл Қазақстанда «БІРГЕМІЗ» девизімен ЕРІКТІЛЕР жылы болып бекітілді. Еріктілердің басты бағыты – ол халыққа әлеуметтік көмек көрсету. Оның ішінде - қарт адамдар мен көпбалалы отбасылар және мүмкіндігі шектеулі жандар.
Орал қаласында қазіргі таңда 2 және 17 жас аралығындағы алты бала, оның екеуі – мүгелек, тәрбиелеп отырған осындай көпбалалы отбасылардың бірі – 67 жастағы Күлән Қисметованың әулеті. Отбасының тұрғылықты үйі болмағандықтан, қаланың «Ескі әуежай» ауданындағы жалдамалы үйге қоныстанған.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында сот ұжымы әжейді құттықтап, отбасыға қажетті азық-түлік пен балаларға киім-кешектер табыс етті.
Өз кезегінде К.Қисметова соттың еріктілер тобына ризашылығы мен алғысын білдірді, ұрпақтар болашағы жарқын болса деген ізгі ниетін білдірді.
Олеся Ташимова
Орал қаласының №2 соты
[xfvalue_img]