Арнайы әлеуметтік қызметтер кімдерге көрсетіледі?
Бүгін ШҚО Антикор орталығында Өскемен қаласы әкімдігінің «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығыны директорының орынбасары Қасымбек Бердіғожинов «Antikor.Live» жобасы аясында аталған мекемемен көрсетілетін арнайы әлеуметтік қызметтер жайлы тікелей эфир өткізді.
Тікелей эфир барысында Қасымбек Оралбайұлы аталған мекеме халықты әлеуметтік қорғау саласында қарттарға, мүгедектерге, психоневрологиялы аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға арнайы әлеуметтік қызметер көрсететінін атап өтті.
Мәселен, «Әлеуметтік такси» қызметі тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерді, өмірлік қиын жағдайдағы адамдарды автотасымалдау бойынша көмек көрсетеді.
Арнайы әлеуметтік қызметтер Өскемен қаласының тұрғындарына Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасы бойынша көрсетіледі.
Айта кетсек 2020 жылы үйде қызмет көрсетумен Өскемен қаласының 971 адамы қамтылған, оның үшінде жалпы саны ОСА – 8 адам, тыл еңбеккерлері – 408 адам, мүгедек тұрғындар саны 115.
Сондай-ақ Қасымбек Бердіғожинов: «тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары үшін 6 жатын орын, тамақ дайындау және тамақтану бөлмесі, дем алу бөлмесі, балалар бөлмесі, психологиялық түзету бөлмесі жабдықталғанын», - атап өтті.
2020 жылы «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы арнайы әлеуметтік қызмет алушылар үшін тұз үңгірі мен заман талабына сай жабдықталған сенсорлық бөлмелермен толықтырылып, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылатын сквер абаттандырылып, қоршалған.
Эфир барысында Қасымбек Бердіғожинов, қала тұрғындарына арнайы әлеуметтік қызметтер туралы ақпаратты Өскемен қалалық «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығынының кезекші бөліміне жұмыс күндері сағат 8:00ден 17:00 уақыты аралығында 8-72-32-77-73-54, 8-72-32-77-26-59 телефондарына хабарласып алуға болатынын ескертті.
[xfvalue_img]