ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ТАУАРЛАРДЫҢ БАҒАЛАРЫН ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ
«Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «ANTIKOR LIVE» жобасы аясында Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Г. Турганбаевтың қатысуымен «Өскемен қаласының әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағаларын қоғамдық бақылау» тақырыбында тікелей эфир өтті.
Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Г. Турганбаев:
- Қазіргі уақытта Өскемен қаласында тұрақтандыру қорының бірнеше сауда нүктелері жұмыс жасап тұр. Ол жерде 19 сұранысқа ие әлеуметтік маңызы бар өнімдер арзан, халыққа қол жетімді бағада ұсынылады. Оның ішінде картоп, сәбіз, орамжапырақ, пияз сынды көкөніс өнімдері мен қант, бидай ұны, макарон өнімдері және күріш пен қарақұмық бар. Олар нарықтағы бағадан 30-35% төмен бағамен сатылады. Өнімдерді «Ертіс» ӘКК» АҚ арқылы Семей қаласына қарасты «Приречное» ЖШС сатып аламыз. Біздің басты мақсатымыз бағаның тұрақтылығын сақтап қалу.
«Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өз кезегінде тұрақтандыру қоры өнімдерінің шектік бағадан асып кетпеуіне үнемі қоғамдық бақылау жүргізетін болады.
[xfvalue_img]