Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы «ANTIKOR.LIVE» жобасына қатысты

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы «ANTIKOR.LIVE» жобасына қатысты

         Ағымдағы жылдың 24 желтоқсанында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Болат Сәтеков «ANTIKOR.LIVE» жобасына қатысты.

         Тікелей эфир барысында  Болат Кәлімұлы Департаменттің жыл көлемінде атқарған қызметі туралы баяндады.

Департамент халыққа мемлекеттік қызметтің 14 түрін көрсетеді. Бүгінгі таңда ШҚО-да зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың саны 615607 адамды құрайды, 58 645 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Сондай-ақ Болат Кәлімұлы:« «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына сәйкес 2021жылғы 01 қаңтардан бастап келесі мөлшерлер белгіленеді.

  • жалақының ең төменгі мөлшері – 42 500 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 18 524 теңге;
  • ең төменгі зейнетақы – 43 272 теңге;
  • айлық есептік көрсеткіш– 2 917 теңге;
  • базалық әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 34 302 теңге.

Жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап алынатын мөлшердің 7%-ына арттырылады. Қайтадан тағайындалған зейнетақылардың мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 2021 жылы 134 182 теңгені құрайды (46 АЕК).» - деп атап өтті.

2020 жылы ШҚО-да мүгедектер саны 54646 адамды құрайды, оның ішінде ересектер - 49227 (оның ішінде: 1 топ - 5284, 2 топ - 22713, 3 топ - 21230) және балалар - 5419 (оның ішінде: бала - мүгедек-4835, 1 топтағы мүгедек бала - 86, 2 топтағы мүгедек-174,          3 топтағы мүгедек бала-324).

Үстіміздегі жыл бойынша мүгедектерді әлеуметтік қорғау және арнайы әлеуметтік қызметтер туралы заңнаманың сақталуы саласында 52 тексеру жүргізілді. Оның ішінде профилактикалық бақылау - 45, жоспардан тыс – 7 тексеру.

387 құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде мүгедектердің әлеуметтік-көлік инфрақұрылымына, мәдени-сауық ұйымдары мен спорт объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз етпеу-258, ҚР арнайы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасын бұзу - 129.

44 нұсқама берілді, оның ішінде: мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында - 28, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуде - 16.

236 130 теңге мөлшерінде 2 әкімшілік айыппұл салынды, оның ішінде: мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында - 1, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуде - 1.

Жалпы, тұрғындар тарапынан туындаған сұрақтар бойынша 8-7232-75-15-33 телефон арқылы хабарласуға болады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.